Жауынгер соғысу үшін емес, соғысты болдырмау үшін туады...

Жауынгер соғысу үшін емес, соғысты болдырмау үшін туады деген сөздер жазылған мәр-мәр тастан жасалған, ауған соғысында қаза тапқан жерлес интернационалды жауынгерлерге арналған ескерткіш жанында 9 жыл 10 айға созылған соғыстың ардагерлері 15 ақпанда тағы да басқосты. Олар сонау Ауғанның отты жалынына шарпылған кездерін көз алдарынан өткізіп, сол жерде шейт болған жерлестерімізді өкінішпен еске алды. Өйткені бұл күні Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толды. Боздақтарды еске алған аудан әкімінің орынбасары Бұлбұл Күзембаева мен тәуекелді жауынгерлер және марқұм «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, ескерткіш басына гүл шоқтарын қою рәсімін өткізіп, жерлестеріміз Анатолий Рудай мен Тажигулов жақсығалидің рухына тағзым етілді. Ардагерлер аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ерліктері елге үлгі жас боздақтарды еске алуға мүмкіндік жасалғанына қуанышты. Ол жерден шыққан ардагерлерді Достық үйінде осы мерекеге арналған жиын күтіп тұрды.
«Ауғанның отты жалыны» атты кездесуде тарихтың еншісінде қалған қасіретті жылдарды парақтаған кеште аудандық тарихи-өлкетану музейі мұрағатынан алынған «Интервью от первого лица» деген бейнематериал ұсынылды. Бейнероликте тау-тастың арасында соғыс отын жалаң аяқ кешкен ардагерлердің басынан кешкен жан түршігерлік сәттері туралы сөздері тыңдалды. Суреттерден слайд көрсетілді. Кіреберісте ацдандық кітапхана жүйесі ұсынған «Никто не создан для войны» атты кітап көрмесі тамашаланды.
1979-1989 жылдар аралығында Ауғаныстан соғысы ымңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы-қасірет әкелді. Бұл қырғи-қабақ ұрысқа қазақ жерінен 22269 сарбаз жіберіліп, 920-сы майдан даласында көз жұмса, 21-із-түссіз жоғалған, 1015 жас жауынгер мүгедек болып оралған. Талай жылдар өтсе де, өшпес ерліктері ел есінде мәңгі қала бермек.
Бір минут үнсіздіктен соң, кездесуге арнайы қатысқан аудан әкімі Нұржауған Қалауов қауіпті аумақтан елге аман оралған бүгінгі ардагерлерді мерекелерімен құттақтады: «Қазіргі таңда, жер жерлерде түрлі шайқастар орын алуда. Ол соғыстардың қай-қайсысы да әрине ел немесе жер қорғау үшін емес, керісінше жалған идеялар үшін, бизнес үшін жүріп жатырғаны белгілі. Оның зардабын қарапайым халық тартуда. Туған жерінен безген босқындар да көбейіп жатыр. ХХ-шы ғасырдағы ең үлкен қайғы әкелген осы Ауған соғысы болды. 86 сарбаз Кеңес Одағы батыры атағына ие болды. Жиырмаға да толмаған жас жігіттер қыршын өмірін қиды. Одан аман қайтқан ардагерлерді ұлықтау мақсатында жиналып отырмыз. Оларды ұмытуға еш қақымыз жоқ. Өткен жылы ауданымыздың 80 жылдығы меркесіне орай интернационалды жауынгерлерге ескерткіш ашылды. Бүгінде арамызда жүрген ардагерлер қоғамдық өмірге белсенді араласуда. Бірқатары шағын және орта бизнесті дамытуға атсалысуда. Сондықтан да, олардың өмір жолы өскелең ұрпаққа жарқын үлгі болмақ. Ендігі жерде соғыс атты сұмдық болмасын, аспанымыз ашық, деніміз сау, еліміз тыныш болсын. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен кейінгі құрметтейтін азаматтарымыз, сіздер!» деді. Сұнан кейін сахна төрінде А.Рудайдың анасын, Закирзянов ??ты, Қияс ағайды, марапаттады.
Сонымен қатар, ерекше есте қалған мерекемен аудандық жауынгер-интернационалисттер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анатолий Иващенко, аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы Әділет Утарбаев, семей ядролық полигонының ардагері Мақсат Молдағазиндер де сөз алып, жылы лебіздерін жолдады.
Әрі қарай Ауғанда азап шеккен арсытарға арналған концерттік бағдарламада Жайсаң көпсалалы колледжінің студенттері жан тебірентер өлеңдерді оқып, аудандық әншілер байқауының жеңімпаздары Райымбек Самбаев пен Дана Райсова, «Шатлык2» ЭМО-ның атынан Дильгам Гадыльшин, күміс көмей әнші Сағитжанұлы Оразғали және тағы басқа өнерпаздар әсем әндерін шырқап, «Қарлығаш» би тобының билері тамашаланды.
Любовь Михайловна Рудай марқұм жауынгердің анасы: - мен баламның замандастарын көрген сайын жүрегім қарс айырылады. Өзі болғанда ғой шіркін, осы марапат пен мадақтың ортасында жүрерма еді. Жылда осы күнді күрсіне қарсы аламын. Дейтұрғанмен, қашан да құрметтерін аямаған аудан басшылығына алғысым шексіз. Бүгінгі ұрпақ өмірінде ешқандай соғыс атаулы болмасын, олар да бейбіт күнді қадірлей білсе деймін.