Мәртөк ауданы әкімінің орынбасарлары

Аудан әкімінің орынбасарлары
Аудан әкімінің орынбасары - Есмухамбетов Жадігер Пангерейұлы
03.01.1965 жылы Ресей Федерациясы, Орынбор облысы, Ақбұлақ ауданы, Ақ-оба селосында дүниеге келген. 1988 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Орынбор ауыл шаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын 1988 -1992 жылдар аралығында Акбулак селосында «Акбулакский» совхозында ветеринариялық дәрігер болып қызмет еткен. 1993 -194 жылдар аралығында Жайсаң орта мектебі, шаруашылық жөнінде директор орынбасары қызметін атқарды. 1996 -1997 жылдар аралығында «ТОН»өндірістік қоғамында экспедитор болып жұмыс жасаған. 1997 - 2000 жылдар аралығында Жайсан ауылдық округ әкім аппаратында ветеринариялық инспекторы болып жқызмет атқарды. 2000-2005 жылдар аралығында Мәртөк аудандық ветеринариялық стансасы» ветеринариялық дәрігер болып жұмыс жасаған. 2005-2013 жылдар аралығында «Жайсаң селолық округі әкімі аппараты» ММ жетекші маман, бас маман, 2013-2017 жылдары аралығында Жайсан ауылдық округі әкімі болып қызметтерін атқарған. 2017 жылдың шілде айында Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Функционалдық міндеттері
Ауданның салық әлеуетін арттыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, экономиканы оралымды басқару, индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын іске асыру, жер қатынастарын реттеу, агрохимиялық қызмет пен ветеринарлық бақылауды дамыту, қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы күрес қызметін ұйымдастыру, әскери жұмылдыру жұмыстары және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, инвестициялар тарту және инвесторлармен өзара-қимыл, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету, құрылыс және сәулет, отын-энергетика кешені, коммуналдық меншік, көлікті бақылау жұмыстарын үйлестіреді.
Телефон: 8 (71331) 21-5-55
Аудан әкімінің орынбасары – Тілегенов Бағжан Нұруллаұлы
1982 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласында туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2003 ж. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ іс қағаздарын жүргізу инспекторы болып бастаған. 2006-2007 жж. - «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ өнеркәсіп бөлімінің жетекші маманы, 2007-2008 жж. - «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ өнеркәсіп және инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы, 2008-2011 жж. – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ сауда бөлімінің бастығы, 2011-2012 жж. – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ өнеркәсіп бөлімінің бастығы, 2012-2014 жж. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары, 2014-2016 жж - «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарған.
2016 жылдың тамыз айында Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Функционалдық міндеттері
Аудандық денсаулық сақтау,ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен зейнетақы төлеу орталығының қызметін үйлестіру. Әлеуметтік саланы дамыту, білім, ғылым, жастар және гендерлік саясаты реформаларының мәселелері, облыс көлеміндегі жоғары оқу орындарымен байланыс ұйымдастыру, ауданның орта арнайы оқу орындарының, кәсіпорындары мен мекемелері қызметінің мәселелері, жұмыспен қамту, көші-қон мәселелері, әлеуметтік-саяси процестерді зерттеуді, саяси жағдай мен аудан дамуының маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру. Ауданның санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы, қорғаныс істері жөніндегі бөліммен, көші-қон полициясының бөлімшесімен, аудандық газеттердің редакцияларымен, қайырымдылық қорларымен, қоғамдық, саяси ұйымдар мен діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жұмыстарын үйлестіреді.
Телефон: 8 (71331) 21-5-55