Мемлекеттік қызметшілердің жағымды сипаты қалыптастыру

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ПОЗИТИВТІ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқарудың мемлекеттік қызметшіге тән негізгі сапаны атап көрсетті. Ол – жоғары адами жауапкершілік, тәжірибеде қолдана білетін кәсіби білім, адалдық, сапалық, белсенді өмірлік ұстаным. Әрбір мемлекеттік қызметтегі адам өз жұмысының маңыздылығын түсініп, өз елінің патриоты болып – мемлекеттік қызметтің имиджін көтеу үшін барлық күш-жігерін жұмсау керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметттің имиджін қалыптастыру мен нығайту мемлекеттік жүйенің дамуындағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан 2030 даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып, кәсіби мемлекет құру болып белгіленді. Мемлекет алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті құру және тиімді басқаруды құру ісіндегі тапсырмаларды жүзеге асыру, көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігімен белгіленеді. Осындай түсінік үнемі жағымды болғаны жөн. Имидж маңызды функционалдық және мәртебелік мән-мағыналы болғанын есепке ала отырып, тұрғындардың оған сенімділік деңгейінің және қоғамның мемлекет өткізіп жатқан өзгерістердің, басқару қызметінің тиімділік көрсеткіші болып табылады.
Мемлекеттік қызметкердің позитивті имиджіне қойылатын негізгі ережелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексінде айқындалған, онда былай деп айтылған: «мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Мәртөк ауданының әкімдігімен мемлекеттік қызметтің позитивті имиджі мен беделін қалыптастыру жұмысы үнемі жүргізіліп тұрады.
Біріншіден имиджі жоғарылату жұмысын біздің ең басты игілігіміз болып табылатын жас мемлекеттік қызметкерлерге бағыттап отырмыз.
Мемлекеттік қызметкер келесі этикалық нормаларды басшылыққа алу қажет.
Өкілеттікті пайдалана ала отырып, адал болу қажет.
Мемлекеттік қызметте ел игілігі үшін қызмет ету керек.
Заң талаптарына толық сәйкестікте өмір сүру маңызды.
Қандай да қызметте, лауазымда елінің, азаматтарының сенімділігін жоғалтпау қажет.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділ, сыпайы болып, адамдар арасында өзін өзі ұстай білу қажет.
Біздер мемлекеттік қызметке әдеп нормаларын қатаң сақтайтын адамдарды тәрбиелеп, алып келуіміз керек.