Әкім аппараты

Аппарат басшысы – Көлкебаев Талғат Омарбекұлы 1970 жылдың 15 қазанында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2005 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы бастап, 1999 жылға дейін Ырғыз ауданы Тәуіп совхозында әртүрлі жұмыста еңбек етті. 2000 жылдан бастап 2008 жылдар аралығында Мәртөк ауданы Хлебодар селолық округінде бас маман, кейін селолық округінің әкімі қызметтер атқарған. 2008-2011 жылдары Мәртөк ауданы әкімінің аппараты кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы, 2011-2012 жылдары аудан әкімінің орынбасары . 2012 жылдың маусым ауынан бастап аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалып, қазіргі уақытқа дейін қызметін атқаруда.
Функционалдық міндеттері
Аудан әкімі мен әкімінің қызметін ақпараттық-сараптамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру, ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысын, аудан әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік наградалармен марапаттау, сайлаулармен референдумдар өткізу. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу, аудан және ауылдық округ әкім аппараттарында және бөлімдерде құпиялық режимін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын бақылау. Нормавтитік-құқықтық актілермен жұмыс. Селекторлық режимде өткізілетін Үкіметтің отырыстары мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңестеріне аудан әкімінің дайындығы мен қатысуын қамтамасыз етуді үйлестіру және бақылау. Аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін әзірлеу мен ұйымдастыру және жоғары тұрған органдардың актілерін орындауды ұйымдастыру, тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету бөлігінде атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жасайды. Кадр комиссияның жұмысына жетекшілік етеді. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында облыс әкімінің аппараты, тиісті орталық атқарушы органдармен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Бөлім басшыларын және аумақтық бірліктер әкімдерін тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныс енгізеді. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік органы туралы Ережеде көрсетілген өзге де іс-шаралардың орындалуына жауапты.
Телефон: 8 (71331) 21-5-66
Ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы –Бекетов Абзал Жүнісұлы
1985 жылдың 27 қазан айында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Жабасақ ауылында туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Алға аудандық сотының кеңсе маманы болып бастаған. 2005-2008 жж.-Алға аудандық сотының жетекші маманы, бас маманы, 2008-2009 жж. - мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы, 2009-2013 жж. – Мәртөк аудандық сотының бас маманы, 2013-2016 жж. - «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маман-заңгері қызметтерін атқарды. 2016 жылдың 29 шілдеде «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Функционалдық міндеттері
Ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімі аппаратын ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету. Ауылдық округтер әкімдерінің жұмысына талдау жасайды. Аудан әкімі аппараты мен әкімдіктің жұмыс жоспарын дайындайды. Аудандағы барлық сайлау іс-шараларын бақылау. Атқарушы орган мен төменгі тұрған органдармен іс-әрекеттестікті қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің Ережесінде белгіленген жұмыстарының орындалуына жауапты.
Телефон: 8 (71331) 21-6-55
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – Тулеуова Гүлмира Тоқтамысқызы
1979 жылдың 18 сәуірінде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиет мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы аудандық білім бөлімінің жетекші маманы, кейін бас маманы болып бастады. 2007-2011 жылдары аудан әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарған. 2012 жылы Ақтөбе облысының ХҚКО Мәртөк филиалының инспекторы ретінде жұмыс істеген. 2012 жылдың қараша айында аудан әкімі аппаратының кеңсе меңгерушісі лауазымына тағайындалып, қазіргі уақытқа дейін қызметін атқаруда.
Функционалдық міндеттері
Бөлімінің жұмысын басқару, әкім аппаратын құжаттамалық қамтамасыз ету, аудан әкімі аппараты, құрылымдық бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарында өтініштерді қарау тәртібін және олардың орындалу мерзімін бақылау. Аудан басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түсен өтініштерді тіркеу, есебін жүргізу. Өтініштер бойынша облыстық прокуратураға тоқсандық есептерді тапсыру. Бөлімдегі материалдық құндылықтарының сақталуына бақылау жүргізеді. Аудан әкімінің өкімдерін тіркеуді жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің Ережесінде белгіленген жұмыстарының орындалуына жауапты.
Телефон: 8 (71331) 21-6-55
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы - САҚТАҒАНОВ Нұркен Бақытжанұлы
1989 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосында туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2011 ж. – М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2014 ж. – Батыс - Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде іс жүргізуші, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылдың 04 тамызынан бастап «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Функционалдық міндеттері
Аудан әкімі аппаратында, құрылымдық бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарында ақпараттық технологиялар мен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру, оның қолжетімділігінің нормативтік негіздемесінің сақталуына жауапты. Аудан әкімі аппаратының және кеңес беру-кеңесу органдардың қызметін үйлестіру, қоғамдық ұйымдармен байланыс қызметін қамтамасыз ету. Облыс және аудан әкімі тапсырмалары мен аудан әкімінің есепті кездесулері кезінде түскен сұрақтардың орындалуы бойынша ақпарат дайындау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық құжатын, ұлтаралық қатынастар және көші-қон мониторингін дайындауды үйлестіру. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыру. Аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын ақпараттың тиісінше жаңартылуына жауапты. Бөлімдегі материалдық құндылықтарының сақталуына бақылау жүргізу. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің Ережесінде белгіленген жұмыстарының орындалуына жауапты.
Телефон: 8 (71331) 22-0-06
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы - Коптлеуов Болат Балғабекұлы
10 наурыз 1987 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2009 жылы - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі, 2012 жылы – Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Междуреченск орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастады, кейін 2011-2012 жылдары Жайсаң ДПК бар арнаулы мектеп-интернатының тәрбиешісі, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ жетекші маманы, 2012-2013 жылдары Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ, кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, 2013-2016 жылдары «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы, 2016-2017 жылдары «Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы болып қызмет етті. 2017 жылғы 2 қазаннан бастап «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы қызметін атқаруда.
Функционалдық міндеттері
Әдеп жөніндегі комиссия қызметін ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметі бойынша жоғарылату мемлекеттік қызметтен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ауданның ауылдық округ әкімдерін сайлауға қатысты іс-шаралар жүргізеді, басшы лауазымдарының кадр резервін жасақталуын қамтамасыз етеді. Теріс негіздерімен мемлекеттік қызметтен босатылғандардың тиісті есебін жүргізеді. Жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің арнайы тексеруден өткізу. Мемлекеттік наградаға ұсыну жұмыстарын үйлестіру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің Ережесінде айқындалған өзге де міндеттердің орындалуына жауапты.
Телефон: 8 (71331) 21-5-65