Аудан әкімі

Мәртөк ауданының әкімі
Қалауов Нұржауған Серікұлы
1976 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ.Білімі жоғары, 1998 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі, 2006 жылы Орта Азиялық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 2001-2003 жылдары білім беру саласында, 2003-2006 жылдары Темір ауданы әкімі аппаратының әр түрлі лауазымдарында, 2006-2008 жылдары «Темір аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің бастығы, 2008-2010 жылдары Шұбарқұдық кенттік округінің әкімі, 2010-2015 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылдың 18 ақпан айынан бастап Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі.
Функционалдық міндеттері
Аудан әкімінің функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Телефон:8(71331) 21-8-77