Мәдениет, дін, спорт және туризм

Мәртөк аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты:
1. 1 – Мәртөк аудандық Мәдениет үйі;
2. 1 – Мәртөк аудандық Достық үйі;
3. 1 – Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі;
4. 1 – Мәртөк аудандық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік камуналдық қазынашылық кәсіпорындары жатады.
Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі.
Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 20 кітапхана оқырмандарға қызметін жасайды. Соның ішінде 1 аудандық орталық, 1 аудандық орталық балалар және 18 ауылдық кітапханалар бар.
2 кітапхана Веренка, Жайсаң ауылдық кітапханалар ОКЖ-дегі ғимаратта орналасқан. 14-і ауылдық клубтарда, Бөрте, Байнасай а/к - мектептерде, 2 ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында - Саржансай, Сарыжар а/к.
ОКЖ –сі бойынша жалпы кітап қоры – 216545 дананы құрады. оның ішінде мемлекеттік тілде – 60556 дана .
Аудандық Мәдениет Үйі.
Аудандық Мәдениет үйінде 2017 жылдың 9 айында 2091 көрермендердің қатысуымен 780710 мерекелік мәдени іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ, 2017 жылдың есептік кезеңінде 4 халықтық және 3 үлгілі шығармашылық ұжымдар шығармашылық жұмсыпен де айналысып, оған 156 адам қамтылды.
Сонымен қатар Мәдениет үйінде, ауылдық клубтарда жалпы саны 121 үйірмелер ұйымдастырылған: шығармашылық және қолданбалы білім үйірмелері, фольклорлық, вокалдық, би үйірмесі, эстрадалық, драмалық, спорттық, ұлттық аспаптар үйірмелері. Қатысушылар саны - 1160.
Аудандық Достық Үйі.
Мәдениет мекемелерінің халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мақсатында аудандық Достық үйінде бірқатар айтулы іс-шаралар өткізілді. Қазіргі таңда ауданда 30дан астам ұлт өкілдері тұрады. Аудандық Достық Үйінде 9 этномәдени бірлестіктері жұмыс жасайды
2017 жылдың 9 айы бойынша 25 іс шара өткізіліп, 2370 адам қамтылды.
Мәртөк аудандық тарихи - өлкетану музейі.
Аудандық тарихи - өлкетану музейі Мәртөк ауылдық округі әкімшілігі ғимаратында орналасқан. Штат саны – 6.
Мекеме мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау мен зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
2017 жылдың 9 айы бойынша экскурсия саны 157, лекция саны 75, көрме саны 28, шаралар саны 53, келушілер саны 17814.
Мәртөк ауданының діни ахуалы
Қазіргі таңда Мәртөк ауданы аумағында 3 діни бірлестіктер тіркелген, олардың 2- мұсылман қоғамы (мешіттер), 1 - православие. Аудан көлемінде діни рәсімдерді орындаушылар шамамен 120-ға жауық адам.
Мәртөк аудандық орталық мешіті
Сарыжар ауылдық мешіті
Мәртөк ауылында орналасқан шіркеу
2018 жылдың қазан айындағы мәліметке сәйкес Мәртөк ауданы бойынша «Нур Мубарак» университеті мен «Сарыағаш» медресесінде діни білім алушылар азаматтар саны – 7.
Сонымен қатар, аудан мешіттерін имамдарының біліктілігін артыру мақсатында үнемі семинарларға қатыстырылып отырады.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруүшін облыс көлемінде кешенді жоспар жасалып, кеңінен іс-шаралар жүргізілуде.
Мәртөк ауданы бойынша діни ахъуалды тұрақты ұстау мақсатында құрамы 13 адамнан құралған ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Құрамы:
ардагерлер
жастар өкілдері
қоғамдық кеңес мүшелері
үкіметтік емес ұйым мүшелері
аудандық мәслихат депутаттары
Топ мүшелері жыл басынан бері 9 ай мерзімде 3000-ға жуық адамды қамтымен 37 жалпы кездесу өткізіп, 200-ге жуық жадынама таратылды. Әлеуметтік желілер мен аудандық «Мәртөк тынысы» газетіне барлығы 742 мақала жарық көрді.
Сонымен қатар аудандағы діни ахуалды жақсарту мақсатында мемлекеттік тапсырыс негізінде 1,5 млн теңге қаражат бөлініп, конкурс ойнатылып, «Аңсар-Мәртөк» ҚБ ұтып алды. Бұл қаражат ауданға шақыртылатын теологтардың қызметіне бөлінді.
«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Талдыбаевтың Родников ауылының тұрғындарымен кездесуі
Жалпы аудан көлемінде атқарылып жатқан шаралар аймақта діни ахуалдың тұрақтандыруына өз үлесін қосуда.
әртөк ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті халықтың 30 % жүйелі түрде спортпен щұғылдану, ауданымыздағы спорт және дене тәрбиесін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында белгілі жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда Мәртөк ауданы бойынша 13 селолық округ бар. Ауданда халық саны – 31412 адам.
Аудан бойынша дене шынықтыру ұжымдары саны – 106. Соның ішінде мектеп саны – 34, кәсіптік колледж - 1, балалар жасөспірімдер спорт мектебі -1, мекемелер мен ұжымдар саны-70. Соның ішінде аудан орталығында 1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі бар. Онда 27, соның ішінде 15 штаттық және 12 штаттық емес жаттықтырушы-оқытушылар жұмыс жасап, 526 бала спортпен шұғылданады.
Аудан бойынша спортпен жүйелі айналысқандар саны 2016 жылда 7115адам. Бұл – 23,3 % пайыз, 2017 жылы бұл көрсеткішті 23,8 % жеткізу жоспарлануда. Ауданда барлығы 278 спорт секцияларында 3557адам спортпен айналысады, оның ішінде олимпиадалық 9 спорт түрімен 184 спорт секциясында 2462 адам, олимпиадалық спорт түрлері емес 50 секцияда 611 адам, ұлттық спорт түрлерімен 30секцияда 340 адам, техникалық спорт түрлерімен 14 секцияда 144 адам спортпен айналысады. Қалған 3558 адам дене шынықтыру-сауықтыру топтарында спортпен айналысады.
Ауданда 80 спорттық құрылғылар бар, оның ішінде: 1 стадион, 27 спортзал, 10 икемдірілген спортзал, 42 спорттық алаңдар бар. Ақтөбе облысының 2016 жылға арналған «Жұмыспен қамту бойынша жол картасы – 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жалпы құны 54 млн 638 мың теңгеге жасанды төсенішпен спорт алаңдары Вознесеновка, Жайсан, Борте, Родниковка, Саржансай, Хазрет ауылдарында, Байторысай, Сарыжар ауылдарында спорт алаңдары іске қосылды. Мәртөк селосында тамыз айында жасанды төсенішпен шағын футбол алаңы іске қосылды. 2017 жылы ауданда 1 стрит воркаут спорт алаңы бюджет қаражаты есебінен және жеке кәсіпкер З.Қожаев «Туған жерге тағзым» акциясы аясында стритворкаут спорт алаңын салды. 2017 жылдың наурыз айында бұрыңғы Аққайың орта мектебінің ғимаратын коммерциялық туристік демалыс базасын ашу мақсатымен жеке кәсіпкер Б.Хусаиновқа сенімгерлік басқаруға берілді. Осы турбаза арқылы жазғы уақытта балалардың жазғы демалыс лагерін, бұқаралық спорттық шаралар өткізу жоспарлануда. Қысқы мезгілде шаңғы спорт түрлерінен аудандық, облыстық жарыстар өткізуге әбден қолайлы.
Негізгі статистикалық мәліметтер төмендегі кестеде берілді. Қазіргі кездегі ауданда өткізіліп жатқан іс-шараларға тоқтала кетеміз. Жыл сайын мамыр-маусым айларында ауылдық округтер арасында аудандық спартакиада өткізіледі. 2010 жылдан бастап мамыр-тамыз айы аралығында шеңберлік жүйе бойынша футболдан аудандық чемпионат өткізіледі. Командалар өз жерлерінде және қонақта 2 шеңберден футбол ойнайды. Шағын футболдан ойын кестесіне сәйкес шілде-тамыз айларында жексенбі күндері шеңбер жүйесі бойынша 8-10 команда аудан орталығында чемпионат өткізеді. 2011 жылдан бастап ауылдық округтер арасында қараша-желтоқсан айларында аудан чемпионаты ұйымдастырылады. Волейбол чемпионаты барысында ойындар аудан орталығында үш кезеңнен өткізіледі. Чемпионаттардың нәтижесінде ойыншылар аптаның басқа күндері жаттығып, спорт алаңдары адамға толы болады. Жеңімпаз және жүлдегерлер командалары бөлімнің медальдары, дипломдары, кубоктары және үздік ойыншылары естелік сыйлықтарымен марапатталады. Қазан-қараша айларында мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттың 5 түрінен аудандық спартакиада ұйымдастырылады. Олар: волейбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі спорт түрлері.
Мемлекеттік, ұлттық мереке - Тәуелсіздік Күні, Спорт Күні және т.б. мейрамдар кезінде кешенді спорттық шаралар ұйымдастырылады. Жыл сайын үстел теннисі – қаңтар айы, гір спорты, қол күресі – ақпан айы Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығару күніне арналған, пауэрлифтинг – наурыз айы аудандық чемпионаттар, ақпан-наурыз айлары – Шаңғышы күні және әр спорт түрінен көптеген турнирлер мен жарыстар өткізіледі. Биылғы жылы ауданның ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Ақ-Бидай – 2016» аудандық спартакиада, облыстық ардагерлер спартакиадасының аймақтық ойындары, облыстық «Ақ Бидай-2016» спартакиадасының аймақтық ойындары өткізілді. Ауыл шаруашылық күніне арналған Борте ауылында ұлттық ат спорт түрлерінен аламан бәйге (22 км), тай жарыс (4 км) және әр-түрлі конкурстар өткізілді. Родниковка ауылында аударыспақ, қыз қуу және ұлттық спорт түрлерінен асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, арқан тарту, гір көтеру, қол күресінен жарыстар өткізілді.
Қысқы спорт түрлерінен – шаңғы спорты, Қысқы Президенттік көпсайыс аудан спортшылары облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр және Республикалық жарыстарға қатысып жүр. Жазғы президенттік көпсайыс – Елбасы тестілерін тапсыру бойынша аудан биыл облыстық жарыста 2 орынға ие болды. Облыстық оқушылар спартакиадасында қорытынды 2 жүлделі орын, мүғалімдер облыстық спартакиадасы – 2 жүлделі орынға ие болды. Ауданда футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, еркін күрес, қазақша күрес кол күресі, гір спорты, пауэрлифтинг спорт түрлері дамыған. Аталған спорт түрлерінен аудандық жарыстар жүйелі түрде өткізіледі және спортшылар облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ұлттық ат спорт түрлерінің ауданда орны ерекше. Көкпар, аударыспақ, қыз қуу жарыстары өткізіліп тұрады және облыста жүлделі орындарға ие.
Мәртөк ауданы бойынша дене тәрбиесі мен спорттың даму көрсеткішінің динамикасы
Дене тәрбиесі мен спорт көрсеткіштері
Жылдар
2011
2012
2013
2014
2015
2016
1
Тұрғындар саны
30741
29639
30888
30 861
31064
31412
2
Спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатындар саны
5998
6028
6093
6194
7071
7374
3
Жалпы тұрғындар санына шаққанда спортпен айналысушылар пайызы
19,5
20,3
19,7
20,07
22,7
23,4
4
Дене шынықтыру мамандары
120
139
124
139
141
144
5
Спорттық құрылыс саны
75
75
75
75
76
79
6
Салынған спорттық құрылыс саны
5
-
-
-
1
3
7
Қайта қалпына келтірілген спорттық құрылыстар
4
-
-
-
-
-
8
Салауатты өмір салты бойынша өткізілген шаралар саны
139
153
132
132
136
138
9
Оған қатысқандар
15166
16610
28160
25620
25880
25930
10
Ұлттық спорт түрлері түрлері бойынша өткізілген шаралар саны
14
16
18
35
36
34
11
Оған қатысқандар
2435
2562
2805
3852
3950
3925
12
Өткізілген кешенді шаралар саны
17
18
4
4
4
4
13
Оған қатысқандар
13510
14315
1155
1180
1185
1190
Туризмнің дамуы туралы
Жол бойындағы сервис
Қазіргі кезде Мәртөк ауданында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолында 13 жол бойы сервисі нысаны жұмыс істейді, соның ішінде:
- Тәңірберген ауылдық округінде - «Нұр» және «Караван-сарай» кемпингтері, «BS-Exceed» және «Nomad Gas» ЖШС-нің автогаз құю бекеттері, «АЗС-Лидер» ЖШС-нің автогаз және жанар-жағармай құю бекеті;
- Мәртөк ауылдық округінде - «Актобе Агро Экспорт» автогаз құю бекеті, «Азия» кемпингі;
- Жайсаң ауылдық округінде – «Атамекен» кафе-дүкені, «Айдар» кемпингі, «Жібек Жолы» кафе-дүкені, «Айша» кафесі, «Holding Aktobe Agro» ЖШС-нің «Эталон Газ» автогаз құю бекеті, «Гелиос» ЖШС-нің жанар-жағармай құю бекеті.
Аталған нысандардың ішінде «BS-Exceed» ЖШС-нің автогазқұю бекеті және «Гелиос» ЖШС-нің жанар-жағармай құю бекеті 2018 жылы іске қосылды.
Сонымен қатар, 2019 жылы ауданда келесі жол бойы сервисі нысандарының құрылысы жоспарланған:
1) Сарыжар ауылындағы «Строй Реал Инвест» ЖШС-нің кемпингі құрылысы, инвестиция көлемі – 450 млн. теңге;
3) Мәртөк ауылындағы ЖК Расқалиеваның кемпингі, инвестиция көлемі – 200 млн. теңге.
Көрсетілген жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері бөлінген, қазіргі кезде нысандар құрылысы үшін жоба бастамашылары қаражат көзін іздеуде.
Медициналық туризм
Мәртөк ауданының Қазан ауылында Батыс Қазақстанда алғаш рет пантымен сауықтыру кешені құрылысы мен марал шаруашылығын ұйымдастыру бойынша жоба іске асырылды. Жоба бастамашысы – Тлегенова Бану Жувангалиевна, жеке кәсіпкер және «Зәру» шаруа қожалығының басшысы.
Жобаны іске асыру мақсатында Қазан ауылында пантымен сауықтыру ғимараты құрылысы үшін 1 га жер бөлінді. Маралдарды өсіру үшін 700 га жер бөлінді, Шығыс Қазақстан облысынан 150 бас марал әкелінді.
Кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. 14% пайыздық мөлшерлеменің 10% субсидиялау арқылы 200,0 млн.теңге қарыз қаражаты алынды.
Жобаның жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрады.
2018 жылдың 20 маусымында облыс әкімінің қатысуымен пантымен сауықтыру санаторийі салтанатты түрде ашылды.
Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1500 шаршы метрді құрайды. Келушілерді орналастыру үшін 27 нөмір бар, соның ішінде: «стандарт» класты 21 нөмір, «люкс» класты 4 нөмір және қозғалысы шектеулі тұрғындарға арналған 2 нөмір. Мейрамхана, бассейн, қысқы бақ бар.
Кәсіпкермен іске асырылған жоба өңірдегі емдеу-сауықтыру туризмін және медициналық кластердің дамуы үшін маңызды болып табылады. Санаторий сергітетін құрал ретінде адам ағзасына күрделі және көп қырлы әсер ететін пантымен сауықтыру қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, панталық марал шаруашылығының өнімдері иммундық, жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйелері ауруларын алдын-алу және емдеу үшін қолданылады. Бұдан басқа, әр түрлі дәрілік шөптер негізінде фитоемдеу қызметтері көрсетіледі.
Кешеннің ашылуы жергілікті халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге көмектесті. Болашақта кәсіпкер пантыларды өңдеу цехын салуды жоспарлап отыр.
Бану Жувангалиевнаның жобасын іске асыру сонымен қатар Мәртөк ауданының брендін дамытуға үлес қосады. Ауданның бай табиғаты туризмнің ұйымдастырылған түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.