Өңірдің әлеуметтік-экономикалық паспорты

2016 жыл қорытындысы бойынша
Мәртөк ауданының әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы туралы
Мәртөк ауданының аумағы 6,6 мың кв.км құрайды, 34 елді-мекені бар, аудан тұрғындарының саны 30507 адамды құрады. Аудан бойынша орташа еңбек ақы 86420 теңгені құрады.
Қаржы
Ауданда жүргізіліп отырған фискалдық саясаты бюджет орындалуының тұрақтылығын және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы тапсырмалар шешімін қаматамасыз етеді.
Аудан бюджетіне салық және басқада төлемдер 603,6 млн.теңге сомасында түсті, жоспардан артық -78,6 млн.түсті, өсу қарқыны 115 %.
Аудан бюджетінің шығыстар бөлігі 99,8 % орындалды, жоспар бойынша 4926,8 млн.теңгеден кассалық шығын 4919,2 млн.теңге.
Өнеркәсіп
Аудан өнеркәсібі 11 кәсіпорынмен ұсынылады, оның 8 белсенді. Өнеркәсіп кәсіпорындарында айналысатындар саны 447 адамды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімінің көлемі 3052,4 млн.теңгені құрады, немесе өткен жылдың осы кезеңіне 119,6 %. Кәсіпкерлік субъектілер құрылымында өнеркәсіп үлесі 1 %.
Ауыл шаруашылығының дамуы
Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының құрылымында климат жағдайы, топырақтың құнарлылығы, өсімдік және басқа да белгілері бойынша бірінші далалық зонаға жататындықтан негізгі орынды алады. Тұрғындарды негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету тапсырмалары ойдағыдай шешілуде.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңіне ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17235,8 млн.теңгені құрады, немесе – 111 %. Таза салмақта 7,6 мың тонна ет өткізілді, 39,4 мың тонна сүт, 5,4 млн.дана жұмыртқа алынды.
2016 жылы 49,4 мың. га егістік алқабына дәнді дақылдар егілді, оның ішінде: бидай -31,7 мың га, арпа -13,1 мың га, , сұлы- 0,5 мың га, сонымен қатар бір жылдық екпе шөптер -11,6 мың га, көпжылдық шөптер- -1,7 мың га, майлы дақылдар – 11,4 мың га, көкөніс және бақша-1,8 мың га, 1,2 мың га жерге қара бидай егілді.
56,5 мың тонна егін өнімі жиналды, өнімділігі 11,5 ц/га, майлы дақылдар-3,9 мың га, өнімділігі 4,1 ц/га.
19702 гектар жерге егін егу алдындағы химиялық өңдеу жүргізілді. 8,0 мың га жерге сүдігер дайындалды, орындалуы 210 %. 2017 жылға 6171,6 мың тонна тұқым дайындалды.
720 га бақша алқабынан 15,8 мың тонна өнім алынды, өнімділігі 212 ц/га, сонымен қатар 1000 га алқаптан 18,5 мың тонна картоп алынды, өнімділігі 185 ц/га.
2016 жылға пішен дайындау жоспары -118,5 мың тонна болып белгіленіп, нақты 119,6 мың тонна дайындалды, орындалуы 101%.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылғы жоспар 260 бас , нақты шаруа қожалықтармен 134 бас ІҚМ алынды, орындалуы 51,5%.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2016 жылғы жоспар 200 бас ,нақты 210 бас алынды, орындалуы 101,5 %.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 2016 жылғы жоспар 70 бас, нақты 64 бас алынды, орындалуы 91,4 %.
«Ырыс» бағдарламасы бойынша 2016 жылғы жоспар 50 бас, нақты 150 бас алынды, орындалуы 300%.
Мал басы санының өсуі байқалуда- ІҚМ -24,8 мың бас (102,3%), қой және ешкі -34 мың бас (100%), шошқа-1,4 мың бас (117,2%), жылқы-3,8 мың бас(100,2%), түйе -131 бас (124,8%), құс -54,3 мың бас (125,2%).
Жыл басынан бері аудан шаруашылықтарымен 111,5 млн.теңгеге 21 бірлік техника алынды, 7 көне техника есептен шығарылды.
Жайылым жерде екі су ұңғымасы қазылды.
2016 жылы 31 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда 24,7 млн. теңгеге өнім сатылды.
Ауыл шаруашылықтарымен 2016 жылы 802,4 млн.теңге көлемінде субсидия алынды.
Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 913,9 млн.теңгені құрайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Шағын және орта бизнес мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттары санатына жатады және сәйкесінше мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген: салық мөлшерін төмендету, тексеруге мораторилар енгізу, жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну. Бүгінде шағын бизнесте, кәсіпкерлердің есебімен және жалдамалы жұмысшылардың саны 6356 адам, жұмыспен қамтылған тұрғындардың жалпы санына 32,0 % құрайды немесе 2015 жылдың деңгейіне 101,4 %.
Шағын және орта бизнес бойынша қалыптастырылған дерекқор негізінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1687 бірлік, өткен жылдың есепті кезеңіне өсу қарқыны – 112,7 % (2015-1497). Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны 1591 бірлік немесе 112,3 % Шағын бизнестің құрылымында экономикалық қызмет түрлері бойынша ауыл шаруашылық қожалықтары алғашқы орында (32%), сауда – саттық саласы (33 %). 2016 жыл басынан бастап шағын кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен өндірілген өнім, ұсынған қызметтері мен атқарылған жұмыстары 16588,2 млн.теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 163,9 % құрады.
Бөлшек сауда көлемі 2970,2 млн.теңгені құрады немесе 104,3 %.
2016 жыл бойынша ауданда жаңадан ауыл шаруашылығы, құрылыс,сауда салалары бойынша 7 заңды кәсіпкерлік субъектісі, 288 жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 13 % cауды-саттықа, 10% ауыл шаруашылық өндірісі, 18 %-такси қызметі, 59 % әр түрлі қызмет түрлеріне келеді. Жалпы тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санынан 80 (28 %) – 29 жастағы адамдарға келеді.
Кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі жаңа нысандардың ашылуында байқалады. 2016 жылы ауданда атап айтқанда , 10 дүкен, екі қоғамдық тамақтану нысаны, АГЗС, көлік жуу, екі монша, кемпинг, диірмен, наубайхана.
95 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ауданда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін барлық негізгі құрылымдар құрылған және қызмет етуде: бизнес-инкубатор, үш МНҰ, «Мартук» несие серіктестігі, Халық банкінің филиалы, екі СТК, «Мартук» СДО, үш заңдық кеңселер және үш нотариат, кәсіпкерлік құрылымдарына бухгалтерлік қызмет көрсететін үш кәсіпкерлік субъектілер.2014 жылы кәсіпкерлердің қызығушылықтарын ұсынатын, қорғайтын және барынша қолдау көрсететін екі құрылым ашылды олар Өңірлік кәсіпкерлік палатасы жән Кәсіпкерлікті қолдау орталығы.
2016 жылы «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде он үш өтінім өтті, оның ішінде:
- 3 жоба пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау 117,7 млн.теңге;
- 5 жоба кепілдендіру, 18,3 млн.теңге;
- 5 жоба шағын несиелеу-19,0 млн.теңге;
Қазіргі таңда «Милкер» ЖШС –ің 2015 жылғы жобасы бойынша 1132,0 млн.теңгеге электрлендіру және суару инфрақұрылымының қүрылысы жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 190,6 млн.теңгеге 86 жоба қаржыландырылды, «Мартук» НС арқылы 115,0 млн.теңгеге 10 жоба қаржыландырылды.
Аудан әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында негізгі саяси бағыттары 2016 жылға арналған іс-шаралар Жоспарында көрсетілген, оны іске асыру шеңберінде келесі іс-шаралар жүргізілді:
- ҚР Үкіметінің бекітілген қаулысымен ҚР салық кодексіне, санитарлық ережелеріне енгізілген өзгерістерге қатысты сұрақтар бойынша семинар-кеңес;
- кәсіпкерлік қызметтің сұрақтары бойынша екі семинар-кеңес;
- кіші шаруашылық формаларын несиелеу бойынша үш семинар кеңес;
- Мәртөк ауданының кәсіпкер әйелдерінің кездесуі өткізілді;
- агротехникалық, ветеринариялық сұрақтар бойынша семинар-кеңес;
- «Бизнес-кеңесші» екікүндік семинар;
- кәсіпкерлікті қолдау «Даму» қорының мобильдік орталығымен Мәртөк, Жайсан және Хлебодаровка селоларында кәсіпкерлік қызмет бойынша кеңестер өткізді;
- ауданның барлық селолық округтарында бизнестің негізіне түсінік беру, несиелендіру сұрақтары бойынша екі семинар өткізілді;
- 7-9 желтоқсан аралығында «Халықты қауіпсіздікпен қаматамасыз ету» жобасы аясында Мәртөк ауданынада облыстық жұмыс тобымен ақапараттық-түсінік беру жұмыстары жүргізілді.
- 7 желтоқсанда ауданда Мәртөк , Қарғалы, Алға, Қобда, Темір аудандарының қатысуымен бизнес форум өткізілді.
Еңбек рыногының дамуы, тұрғындарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету
Қазақстан дамуының басты бағыттарының бірі заманауи әлеуметтік саясат болып табылады, басты мақсаты тұрмыстары төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік-еңбек қатынастарының облысында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру болып табылады.
Жыл басынан 705 жұмыс орындары құрылды, 795 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 611 адам қатысты, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,1.
Әйелдердің және балалардың денсаулығын жақсарту, ана мен баланың денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, қоғамның басты мақсаты болып табылады. Ана болу мен балалықтықолдаушараларыбастымәнгеиеболыпкеледі. 2017 жылдың 1 қаңтар жағдайына республикалық және жергілікті бюджет есебінен1 357 бала 25,9 млн. теңге сомасында мемлекеттікт балаларға берілетін жәрдемақылар алды. «Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде 25 отбасыға 2965,8 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде Қызылжар және Саржансай орта мектептеріне күрделі жөндеу жүргізілді, жұмыспен қамту орталығының жодамасы бойынша аталған жөндеу жұмыстарына 23 адам жіберілді, орташа айлықтары 50,0 мың теңгені құрады, Родниковка ауылдық клубына 26,9 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, Аққайын ауылдық клубына 21,3 млн.теңгеге және Хазрет ауылдық клубына 37,7 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұргізілді. Сонымен қатар БЖСМ шатырын 7,3 млн.теңгеге ағымды жөнделді.
Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде 2016 жылы 86 қатысушы 190,6 млн.теңге сомасында шағын несие алды.
Кәсіпкерлік негіздеріне 17 қатысушы оқытылды.
Жыл басынан жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен -700 адам жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 82 жұмыссыз жіберілді.
2016 жылы басынан 102 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді.
2017 жылдың 1 қаңтар ауданда 881 мүгедек бар. 23 әлеуметтік қызметкер үйде 144 жалғыз басты қарт адамдарға қызмет көрсетеді, оның ішінде 7 мүгедек. 2016 жылы 10 нысан бейімделді.
Жұмысшының құқықтары мен кепілдіктері бойынша аудан әкімі мен жұмыс берушілер арасында 97 меморандум жасалды.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 4601,7 млн.теңгені құрады немесе өткен жылдың кезеңіне 283,3 %. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2156,8 млн.теңгені құрады, немесе өткен жылдың кезеңіне 362,7 %, 14,6 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, немесе өткен жылдың кезеңіне 100,4 % .
Мәртөк ауданының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:
- Жайсан ауылына газ құбыры тартылып, ауыл ішілік газ құбырының құрылысы аяқталды.
- Қазан ауылын газдандыру жобасы аяқталды, Вознесеновка, Веренка ауылдарын газдандыру жобалары дайындалу барысында;
- 327,3 млн.теңгеге Аққайын ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысы аяқатлды;
- 34,1 млн.теңгеге Мәртөк ауылындағы 129 учаскеге газ құбырын тарту құрылысы аяқталды;
- 13,0 млн.теңгеге Саржансай бала-бақшасын газдандыру құрылысы аяқталды;
- 12,9 млн.теңге Саржансай орта мектебі газдандырылды;
- 8,6 млн.теңгеге Мәртөк ауылындағы 36 учаскеге газ құбырын тарту құрылысы аяқталды;
- 419,4 млн.теңгеге Сарыжар ауылының жаңа құрылыс аумағын газдандыру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар 2017 жылы аяқталады;
- 166,0 млн.теңгеге Сарыжар ауылының жаңа құрылыс аумағын электрлендіру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар 2017 жылы аяқталады;
Қазан, Құмсай, Кенсахара, Саржансай ауылдарының бас жоспарлары әзірленді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша селолық округтерді жайластыруға 2016 жылы 28,3 млн.теңге жұмыстар жүргізілді. Елді мекендерді көркейту бойынша 11,4 млн. теңге игерілді.
Инфрақұрылым
Инфрақұрылымның дамығаны және жағдайы – ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды көрсеткіштері.
Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 316,2 км., көшелік желі 75 км.
Тұрғындарды Ақтөбе қаласы, аудан орталығы мен елді мекендер арасында такси қызметімен қамтамасыз ету ұйымдастырылған.
Мәртөк ауылына кіреберіс жол құрылысына 97,1 млн.теңгеге ЖСҚ әзірленді.
Қызылжар ауылында су құбыры құрылысына ЖСҚ әзірлеу үшін , сонымен қатар Мәртөк-Бөрте авто тас жолын орташа жөндеуге облысқа өтінім жолданды.
Ауданның автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге -23,6 млн.теңге бағытталды, барлық қаржы игерілді.
Ауданның коммуналдық-шаруашылық балансында ұзындығы 110,4 км ауылішілік газқұбырлары есепте тұр. Мәртөк селосының газқұбырының және баланста тұрған электр трансформатарларға техникалық қызмет көрсетуіне 1,2 млн.теңге бөлінді.
Ауданның 34 елді мекеннің 7 газдандырылды, онда 22,0 мың адам тұрады немесе жалпы аудан тұрғындарының 72,1 %.
Ауданның 34 елді мекеннің 22 ауыз сумен қамтылды, онда 27,7 мың адам тұрады немесе жалпы аудан тұрғындарының 88,3 %.
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру адамзаттың балалық шағынан әлеуметтік, эмоционалдық тұрғыда қалыптасуында маңызды рөлдердің бірін атқарады. Балалардың білімді тез әрі жақсы меңгеруіне бала бақша оң ықпал етеді.
Аудан бойынша балаларды мекетепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 98 % құрады.
«Балапан» республикалық бағдарламасы шеңберінде мекетепке дейінгі білім беру желісі дамып, мекетепке дейінгі мекемелердегі орын саны артуда: 13 балабақшада, 26 шағын орталықта. Ауданда барлығы 3 мен 6 жас аралығындағы балалар саны 1307 құрайды.
Ауданда 33 мектеп қызметін атқаруда, оның ішінде 20 орта мектеп, 5 негізгі және 8 бастауыш мектеп.
2016-2017 оқу жылында оқумен 4668 оқушы қамтылған, оның ішінде қазақ тілінде 2687 оқушы. Кластардың орташа толуы 10,7 адамды құрайды.
Ыстық тамақпен 3790 оқушы қамтылған, оның ішінде 602 аз қатылған отбасы балалары тегін қаттылған.
Оқулықтар сатып алуға 26,0 млн.теңге бөлінді.
Барлық орта және негізгі мектептер компьютерлік техникамен жабдықталған Мектептер бойынша компьютерлердің саны 523 құрайды, бір компьютерге 7 оқушыдан келеді. Информатика кабинеттерінде локалдық жүйелер құрылған, Web-сайттар жасалған. Интернетке кіру мүмкіндігінің арқасында білім бөлімімен және мектептер арасындағы барлық ақпараттар легі электронды пошта арқылы жүзеге асырылады, мұғалімдер дистанционды курстарда оқытылады.
Аудан мектептеріне 3183,0 мың теңгеге сынып тақталары алынды, 1777,0 мың теңгеге өртке қарсы жабдықтар алынды. Хлебодаровка орта мектебіне 1200 мың теңгеге екі жылыту қазандығы алынды. 7 орта және 4 негізгі мектептерге 9742,8 мың теңгеге интерактивті кешендер алынды.
ҰБТ қатысқан оқушылар саны 144, немесе түлектердің жалпы санынан 50,7 %, ҰБТ бойынша орташа балл 78,6.
Жазғы сауықтыру лагерінде 1-10 сынып оқитын 4383 оқушы демалды (2015-4210), жалпы мектеп оқушылар санынан ұйымдастырылған жазғы демалыспен қамтылғандардың өсу қарқыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 104,0 % құрады, жалпы мектеп оқушыларының үлесі 93,8 % құрайды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде Қызылжар және Саржансай орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жеке мемлекеттік серіктестік шеңберінде Мәртөк селосында 200 орындық бала бақша іске қосылды.
Денсаулық сақтау
Аудан тұрғындарына аудандық орталық ауруханасы, 8 ВА, 19 МП, 1 ФАП және жедел жәрдем бөлімшесі мекемелерімен медициналық көмек көрсетіледі.
Тәуліктік стационар жұмысы 54 орынға бөлінген, 7 поликлиника жанында 53 орынға күндізгі науқастардың келуіне 7 стационар бар, сонымен қатар Мәртөк аудандық орталық ауруханасының поликлиникасында күндізгі науқастардың келуіне 8 орын және үй стационары қарастырылған. Поликлиника жанында жыл басынан күндізгі стационарда барлығы 1176 науқас , үй стационарында 53, ауруханада 138 науқас емделді.
Ауданда 53 дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамту 17,1% құрайды. Орта медициналық қызметкерлер сан-188 адам , 10 мың адамды қамту 60,5 % құрайды.
Ауданның медициналық қызметі тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсартуға бағытталған. Мәртөк аудандық орталық ауруханасы аудан тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек мемлекеттік тапсырыс аясында, санитарлық амбулаториялық және медициналық көмек, бұдан басқа ақылы медициналық көмек көрсетеді.
Аудандық поликлиника жанында салауатты өмір салты кабинеті жұмыс жасайды, мақсаты салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Жыл басынан 1055 леция, 12932 әңгімелесу, 639 медициналық қызметкерлер арасында 20 семинар өткізілді, газетке 15 мақала жарияланды.
12 айда амбулаторлық-поликлиникалық көмекке 180675 адам жүгінді. Жедел жәрдем бөлімімен 3313 көмек көрсетілді.
Ауданның медициналық қызметкерлерімен жыл сайынғы профилактикалық тексеріс өткізу және халықты туберкулездан қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар отбасын жоспарлау бойынша, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында жоспарлы тексерулер жүргізіледі. 5 жасқа дейінгі балалар және диспансерлік тіркеуде тұрған балалар және жасөспірімдер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
«Чайка» санаторийіне 20 бала жіберілді, «Айналайын» бала бақшасына 36 бала жіберілді, «Құрайлы» мектеп-интернатына 8 бала жіберілді.
Халықты туберкулез ауруына тексеру рентгено-флюорографиялық, бактериоскопиялық әдістері және манту сынамасын егу арқылы жүргізіледі.
2016 жылдың есепті кезеңіне туберкулез дертіне шалдыққан 11 жағдай тіркелді (2015-12). 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандардың көрсеткіші 35,8 құрайды.
Туберкулездің асқынған жағдайлары жоқ.
2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.
440 сәби туылды, 1000 адамға туу көрсеткіші – 14,3 құрады немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 92,5 %.
265 адам қайтыс болды, жалпы өлім деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 8,6 құрады немесе алдыңғы жыл деңгейінен 113,1 %.
Табиғи өсім + 5,6 құрады немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 70,8 %.
13329,6 мың теңгеге медицианлық жабдықтар алынды.
Мәдениет және спорттың дамуы
Мәдениет деңгейі аудан экономикасының тұрақты дамуының индикаторы болып табылады, сондықтан соңғы кезде спорт дамуының өсімін атап өту керек. Есепті кезеңде ауданда 21 селолық клуб, мәдениет үйі, достық үйі, 18 кітапхана, аудандық орталық кітапхана, бір тарихи-өлкетану мұражайы бар.
Есепті кезеңде 2790 мәдени іс шаралар өткізілді, оған 82705 адам қатысты. Кітапхана қорында 213,8 мың.кітап бар, оның ішінде 58,3 мың кітап мемлекеттік тілінде. Алты кітапхана интернетке қосылған.
Родниковка, Аққайын, Хазрет ауылдық клубтары 71,5 млн.теңгеге күрделі жөнделді.
Ауданда жүйелі түрде спортпен айналысатын тұрғындар саны 7115 адам немесе 23,3%.
БЖСМ қызметін атқаруда, онда 557 оқушы тәрбиеленеді. Оқуды 29 бапкер-оқытушы өткізеді, оның ішінде 12 штаттық, 17 қосымша істеуші. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Взнесеновка, Байторысай, Жайсан, Бөрте, Родниковка, Саржансай, Сарыжар, Хазрет ауылдарында 54,6 млн.теңгеге спорт алаңдары құрылысы аяқталды. Ауданда 11 спорт түріне үлкен көңіл бөлінуде, оның ішінде 2 ұлттық : «Қазақша күрес», «тоғыз құмалақ. Аудан бойынша 138 бұқаралық спорт іс-шаралары өткізілді, оған 25930 адам қатысты. Ауданның спорттық командалары облыстық спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындар алды.
Жер ресурстары
2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін 816 учаске берілді, жоспардың орындалуы 101,6 % . 2017 жылы тұрғындарға жер бөлу жоспары 772 учаскені құрайды. Жер учаскесіне кезекте тұрғандар саны 4983 адамды құрайды. Кезекте тұрғандар туралы ақпарат аудан әкімдігінің ресми сайтаны орналастырылған. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскесін жалдау бойынша 3 конкурс өткізілді, нәтижесінде айналымға аумағы 13300 га болатын 39 учаске енгізілді.
Аумағы 34447 га 61 учаске келісім шартты бұзу арқылы мемлекеттік меншікке қайтарылды. Аумағы 21392 га 84 ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаске бойынша материалдар жер инспекциясына жолданды. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге бөлінген аумағы 17,2 га 23 учаске материалдары инспекцияға жолданды. 2016 жылы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге аумағы 61,9 га болатын 40 жер учаскесі берілді.
Құқықтық тәртіп
Ауданның ішкі істер бөлімінің қызметі құқықтық тәртіпті нығайтуға, ұйымдасқан қылмыс және жасөспірімдер қылмысына, наркомания және наркобизнеске, заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейтуге және қоғамдық тәртіпті қорғау сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
2016 жылдың 12 айында аудан аумағында 262 қылмыс тіркелді (2015- 288).
Есепті кезеңде келесідей қылмыстар бойынша көрсеткіштердің төмендеуі байқалуда:
- Көшеде жасалған қылмыс деңгейі 26- дан 23-ке дейін, 11,5% ;
- Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 42 ден 33 ке дейін, 21,4 %;
- Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс 3 тен 1 –ге дейін 66,6 %;
Алдын алу бойынша қабылданған іс-шараларға қарамастан 2015 жылмен салыстырғанда төменде көрсетілген қылмыс түрлері бойынша өсім байқалуда:
- Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыс 58 ден 82 ге дейін, 41,4 %;
- Алкогольді мас күйінде жасалған қылмыс 41 ден 52 ге дейін, 26,8 %;
2016 жылдың 12 айы бойынша 2978 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық орындарда және көшелерде қылмысты болдырмау мақсатында әкімшілік құқықбұзушылық және жасалынған қылмыстарды талдау арқылы полицияның кешенді күшінің орналасуы және жұмыс тәртібі қайта қаралды, құқықбұзушылық жиі орын алған жерлерге патрульдік маршруттар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аудан аумағында ауыр және өте ауыр қылмыстарды болдырмау, заңсыз есірткі айналымы қылмыстарын ашу және анықтау бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсарту мақсатында, негізгі іс-шаралар жоспары құрылды. Мал ұрлығын ашу және жою бойынша арнайы топтар құрылды.
Ауданның криминалдық жағдайын жақсартуға арналған ерікті негізде жұмыс жасайтын полиция қызметкерлеріне жәрдемдесуге «Сақшы» атты жасағы құрылды. 12 айдың ішінде «Сақшы» көмегімен 87 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Учаскелік инспекторлар және кәмелетке толмағандар ісі бойынша қызметкерлерімен жасөспірімдер арасында алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Жағдайы нашар отбасылар және балалары мектепке келмейтін отбасылар есепке алынады. Әрбір отбасын бақылайтын участкелік инспекторлар бекітіледі. Белгілі бір бұзақылықтар болған жағдайда аудан әкімдігіндегі жасөспірімдер ісі бойынша комиссияға мәселе көтереді және ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттары сотқа жіберіледі.
Қоғамдық – саяси ахуал
Ауданның атқарушы органдарының, қоғамдық және саяси ұйымдарының жұмыстары қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, «Қазақстан - 2050» стратегиясының негізгі басымдықтарын, Президенттің жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру және насихаттауға, діни бірлестіктер, саяси партиялармен бірге аудан деңгейіндегі жастар және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға бағытталды.
Ауданда 13 ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді, топтың мүшелері ай сайын елді мекендерге шығып саяси біркүндіктер өткізеді. Жастар кеңесінің мүшелері мәдени және спорттық жастар демалыстарын ұйымдастыруға белсенді қатысуда, мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізуге және ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында, ауданның саяси партиялары діни бірлестіктермен бірге тұрақты қызмет істеу ұйымдастырылған. «Нұр Отан» ХДП аудан өміріне белсенді атсалысуда.
2016 жылы ауданның барлық ауылдық округтерінде алты мыңға жуық адам қатысуымен 121 іс шара өткізілді. Ауданда жастармен жұмысты жандандыру үшін жоспарға сәйкес 614,0 мың теңге бөлінд.
Медиа-жоспарды жүзеге асыру мақсатында ауданның «Мәртөк тынысы» газетінде Президент Жолдауының негізгі бағыттары бойынша маңызды материалдар жариялануда. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынща қызметке 60770 мың теңге бөлінді. Ауылд қокругтерде әйелдер кеңесі жұмыс жасауда. Аудан ресми емес діни бірлестіктер жоқ екендігін хабарлаймыз. Ауданда діни ахуал тұрақты.
«Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде 25,0 млн.теңгеге демеушілік көмек көрсетілді.