Табиғи ресурстар

Мәртөк ауданы далалы және құрғақ далалы аймақта орналасқан. Аудан территориясы топырақ жамылғысының түріне қарай екі зонаға бөлінеді: қаратопырақты және қоңыр-каштан.
Аудан территориясындағы басты су обьектілеріне Елек өзеніне кіреді, ал қалған Ақсу, Жамансу, Танаберген, Бөрте, Шайда кіші өзендерге жатады. Елек өзені Қарғалы және Жарық өзендерінен ағып келіп қосылуынан Жайық өзеніне құяды. 74 км аудан шамасындағы оның жалпы ұзындығы 623 км. Елек өзені – ауданның негізгі су тамыры болып табылады.
Мәртөкке жақын Қазан, Шайда аумағында жер асты суларының артезиандық бассейіндері бар.Ол жерде тұщы судың мол қоры бар.
Мәртөк» табиғи қорығы Ақтөбе облысының солтүстігінен Жайық, Бөрте және Қиялы Бөрте өзенінің сол жақ сағасынан орын тепкен, өлке Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймағында.
Жалпы көлемі 50 000 га.
Негізгі орманды алқабы түрлі талдардан тұрады:көктерек, қаратерек, қара қандыағаш т.б. Шевченко ауылынан оңтүстікке қарай қарағайлы орман бастау алады. Ол қолдан отырғызылған бұтақты және түгі сиретілген қарағай. Шевченко селосының шетінде қайыңды қандыағашты итмұрын ормандары бар. Бөріжидекті және көпшөпті орманды алқапта үшінші дәуірден қалған көненің көзі - аналық таға папоротнигі өседі. Шабындықтағы өсімдіктер дәнді-дақылдардың мезофильді, әртүрлі шөп пен жусанды түрлерінен құрайды.
Орман қорын қорғау және өсіру мақсатында осындай жерлерге “Тірі табиғат ескерткіші ” мәртебесі берілген. 1996 ж. Мәртөк аудандық әкімінің “Мәртөк ауданындағы табиғатты қорғау территориялары” және оларға “Тірі табиғат ескерткіштері мәртебесін беру” туралы шешімі берілді. Бұл шешім 26.12.1995 жылғы №130 Ақтөбе облыстық әкімінің сәйкес шешімінің негізінде алынған “Тірі табиғат ескерткіштері” мәртебесін беру туралы шешімдер ҚР Үкіметінің 01.12.1998 ж. №1213 қаулысымен бекітілген. Ауданымызда осындай мәртебеге ие болған табиғат ескерткіштері:
1. Шевченко селосындағы реликс орман. Бұл жерде тек осы бір жерде (облыста) өскен шаңжапырақтар (папоротник), кочедыжник женский (аналық таға) бар. Ауданы 7 га, біреуі 4 га, екіншісі 3 га. Екіншісінде қайың-көктерек шоғырлары өскен, ҚР Қызыл кітабына енгізілген шпажник черепитчатый өсімдігі, биіктігі 60-80 см, ұзындығы 100-120 см болатын құмырсқа илеуі бар.
Мәртебесі: өсімдік- жануарлар әлемін қорғау;
2. Қызылжар селолық округіндегі шалғындық жер.
3. Жаңатаң қыстағындағы қандыағаш шоғырлары.
Мұнда аз кездесетін, жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің 61 түрі кездеседі. Мысалы: земляника лесная (орман бүлдіргені), астра алтайская (алтай қошқаргүлі), погремка джунгарского марьянника (таушымылдық). Бұл территориялардың барлығының да өз төлқұжаттары бар; бұл жерлерде жер жыртуға, ағаштарды кесуге тиым салынған; бұл территориялар- Мәртөк орман шаруашылығына қарайды.
Ауданымыздың орман шаруашылығының аумағында үш жабдықталған бұлақ бар:
Шевченко, Коминтерн және Полтавка жерінде. Оны күтумен орманшылар айналысады. Мәртөк ауданының солтүстік жағында бұғылар мен маралдың бірнеше үйірі мекендейді.
Мәртөк ауданының Белқайың орман шаруашылығында ерекше қорғауға алынған аумағы - 9,8 га болатын үш аймақ бар.
Полтавка - 9,8 га қара қандыағаш, аққайың
Шевченко – 3,9 қарағай өседі
Аққайың - 3,5 га қарағай және аққайың өседі.
Аудандағы жануарлар табиғат зоналарының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Барлық жерде тұрақты кездесетін жануарлар: ласка (аққалақ), хорь (бұлғын, сасық күзең деп те аталады), борсық, түлкі, қарсақ, қасқыр. Елек өзені жағаларында кездесетін европейскоя норка (европалық құндыз), ленная куница (орман сусары) Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабына” енгізілген, қорғауға алынған. Сонымен бірге аудан жерінде бобры (су құндызы), рыси (сілеусін), сурки (суырлар, байпақ деп те аталады) кездеседі. Ор қоян, саршұнақ, балпақ, зорман, атжалман немесе аламан (хомяк) барлық жерде кездеседі. Орманды жерлерде косуля (елік), косуля (қарақұйрық), ресейден келген лось (бұлан) кездеседі, олардың саны аз, аулауға тиым салынған.
Құстардың түрлері аудан көлемінде көптеп саналады. облыста мекендейтін 200 түрлі құстың ауданымызда 160 түрі кездеседі, қалғандары маусымдық көшіп-қону кезеңінде кездеседі. Құстардың 27 түрі қыстап қалады, 70 түрлі құс ауланады; 35 түрлі құс санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ауданымызды мекендейтін құстай түрлері әртүрлі жағдайларға бейімделген: далада, шалғындар мен егістік жерлерде, бау-бақша, тұрғын үй аулаларында мекендейтін құстардан торғай тәрізділер, көкқарға тәрізділер, сұрқарлығаштардан, торғай, жауторғай, ала қарға, қарақарға, шауқарға, ұзаққарға, сауысқан, құзғын,қараторғай, қарлығаш, бәбісек (урод), ашық жерлер мен су маңын, суды мекендейтін құстардан қаздар, үйректер, шіл (куропатка); “Қызыл кітапқа ” енгізілген.
Жоса мұнайы - Орск оқымыстысы Д.И.Менделеев Жосадан жеткізілген мұнайды зерттеп, жоғары баға берді. 1915ж. ағайынды Нобельдер шетелдіктердің бірі болып зерттеу жүргізді, ойлары іске асады. Жер билігі Кеңес мемлекетінің қолына көшеді. 1919ж. В.И.Ленин Жоса мұнайын пайдалану туралы әдейі жеделхат жөнелтті. Онда Түркістан Орталық аткоміне және I әскери төңкеріс кеңесіне: Темір ауданының Мәртөк, Жоса жерінде зерттеу ұңғыларын жүргізу өте жауаптылықты және жылдамдықты талап ететінін, бұл Ақтөбе облыстық төңкерістің бұйрығы екенін ескертті. 1929-1930жж. Шұбарқұдықтан мұнай көзі ашылып, 1939ж. өндірістік өндіру басталды. Ұлы Отан соғысы Жосадағы зерттеу жұмысына кедергі жасады. Жақсымай а. екінші ұңғы ашылып, 1941ж. пайдаланылуға берілді. 1947ж. зерттеу 3000 метрлік тереңдікте жалғасты, бірақ қоры аз болғандықтан 11 ұңғы жабылды. Өте тереңдікте жатқан Мәртөк мұнайы қорын зерттейтін техника болмады.
Шоқаш» титан өндіру кен орны Шаңды селосына жақын маңында, Құрмансай селолық округінде табылған титан кені (пайдалы қоспалар цирконий) шет елдерге экспортқа шығарылады. Тауар кені қопсыту арқылы алынған ұсақ-жұқа құмдақ материал және саз т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР: Мәртөк ғылыми тарихи-анықтамалық. Принта , 2009 жыл
Ақтөбе облысының тарихи мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері Мәртөк ауданы. Ақтөбе -2006 жыл.
«100 жылдық мерейтой» кітабы, ав. Е.Ониськова, Мәртөк ,2005 ж .
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Ономастика» кітабы-2013жыл.