Білім беру

Білім беру саласы
Мектепке дейінгі білім беру
Ауданымызда мектепке дейінгі мекемелер саны жыл санап артып келеді. 2016 жылы - 13 балабақша, 2017 жылы – 16 балабақша болса, қазір 4 балабақшаға көбейіп, барлығы 20-ға жетті.
20 мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ішінде 12-сі мемлекеттік ұйым, 8- і мемлекеттік тапсырыс негізінде құрылған жеке балабақшалар. 4 балабақша шілде айынан бастап сенімгерлік басқаруға берілді.
Елді мекендерде жекеменшік балабақшалардың ашылуына және балалар контингентінің болмауына байланысты аудан бойынша 12 шағын орталық 474 бала санымен жабылды. Қалған 8 шағын орталық 224 баламен жұмыс жасап жатыр. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда қамту 0,6 пайызға өсті, яғни 1 жастан 6 жасқа дейінгі қамту 98,6 %.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылғаны балабақшада - 1537 бала, оның ішінде мемлекеттік ұйымда -872, жеке ұйымда – 665 бала. Шағын орталықта - 224 бала.
Жалпы орта білім беру
Мектептер желісі -27
Барлық оқушылар саны – 4741
Олардың барлығы мемлекеттік мекеме оқушылары.
Шағын жинақты мектептер саны -16, ондағы оқушылар саны- 1237
Өткен оқу жылындағы контингент – 4663 баланы құрады.
Биыл 78 балаға өскен.
Апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында ауданымызда үш мектептің құрылысы қолға алынып, оның ішінде Родниковка және Сарыжар орта мекитептері 2017 жылы, №4 Мәртөк орта мектебінің жаңа ғимараты 2018 жылы пайдалануға берілді.
Мәртөк ауданы бойынша 2018-2019 оқу жылында барлығы 27 мектеп жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде 20 орта, 6 негізгі және 1 бастауыш мектеп бар.