Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз

Өткен өміріне сын көзбен қарап, өзіне есеп беретін ең саналы кезең – «алтын күзді» басынан әр адам өткереді. Көпшілігіміз бұл сәтті тағатсыздана күтеміз, бірақ күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, бұл күн туралы мүлде ұмытып кететіндер немесе зейнетақыны ресімдеуді кейінге қалдыратындар да жоқ емес. Сондықтан зейнетақыны дер кезінде неліктен ресімдеу керектігін біз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (филиал атауы) директоры (филиал директорының аты-жөні) білген едік.
- (филиал директорының аты, әкесінің аты), зейнет жасына толған адамға қашан және қайда хабарласу керек?
- Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына және еңбек сіңірген демалысқа шығуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушыларға тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырыпжүгіну қажет.
- Бұл тек БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге қатысты ма әлде мемлекеттік зейнетақы төлемдері үшін де осындай әрекет жасалуы керек пе?
- Бұрын бұл екі түрлі өтініш беру арқылы жасалатын: зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін жұртшылық БЖЗҚ-ға, Мемлекеттік зейнетақы тағайындау үшінХҚКО-ға жүгінетін. Ал 2018 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға ХҚКО-ға бірыңғай өтініш беру бойынша «композиттік» қызмет енгізілді.
- Бұл өте ыңғайлы екен! Мұны қай кезде жасау керек?
- ХҚКО-ға зейнетақы алу үшін берілетін өтініш пен құжаттарды зейнет жасына толғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын беруге болады.
Әсіресе бұл мемлекеттік зейнетақы алу үшін маңызды,өйткені ұсынылған құжаттарбойынша еңбек өтілін тексеру қажет, сондай-ақ, заң бойынша жасына байланысты зейнетақы мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда (ХҚКО) тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі.
Естеріңізге сала кетейік, жасына байланысты берілетін зейнетақыны біздің елімізде жалпыға бірдей тағайындалған зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жаста, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда (жыл сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы өсе береді, ол 2027 жылы ерлердің зейнет жасымен теңескенге дейін жалғасады).
Сондай-ақ, БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін алу үшінегер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар, БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар жүгіне алады.
- Сіз бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар туралы айттыңыз, оларға да ХҚКО-ға келу керек пе?
- Егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе БЖЗҚ веб-сайты арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып өтініш берулері қажет. ХҚКО-да 1 және 2 топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін жасауға берілген өтініштер қабылданбайды.
- БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы соншалықты көп емес азаматжинағын бір мезгілде бірден ала алады ма?
- Егер жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы өтініш берген күніреспубликалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана алуына болады. 01.04.2020ж. бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болғандықтан, біржолғы төлем жеке зейнетақы шотындағызейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 485 292 теңге шегінде болған жағдайда жүзеге асырылады.
- Төлемдер бойынша статистиканың қазіргі жағдайы қандай және оларға карантиндік іс-шаралар әсерін тигізді ме?
- 2020 жылдың басынан бастап 2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дан зейнеткерлік жасқа жетуіне және мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты жалпы сомасы шамамен 25 млрд теңге болатын 741, 5 мың төлем жүзеге асырылды.
Карантиндік іс-шаралар БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне әсер етпейді, өйткені зейнетақы капиталы әр адамныңбүкіл еңбек еткен уақыты бойында қалыптасты, ал төлемдер әрбір алушы үшін қатаң белгіленген кесте бойынша зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
ТЖ кезеңінде мемлекет басқалармен қатарең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты көрсеткішті де қайтадан қарастырды; тиісінше, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы ең төменгі төлеммөлшеріКД-ның 54% төмен болмауы тиіс, яғни 16 838,82 теңгеден 17 640,72 теңгеге дейін артты.
- Сұхбатымызды осындай оптимистік нышандааяқтаймыз. Рахмет!