Ауданда рекрутивті бекетінің жұмысы жалғасуда

26 мамыр күні Мәртөк ауылындағы орталық базар ауданында 29 мамырға дейін жұмыс істейтін рекрутивті бекет жұмысын қайта жандандырды.Мәртөк ауданы бойынша "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты және жұмыссыз жастарды тарту мақсатында рекрутивті пункт жұмысын жалғастыруда.Рекрутивті бекет жұмысына аудандық прокуратура және қылмыстық - түзеу жүйесінің қызметкерлері пробация органдарында және басқа да санаттағы жұмыссыз тұрғындарды тарту мақсатында қатысатын болады.Кеше, 26 мамыр, рекрутивті бекет арқылы 20-дан астам адам кеңес алды.Ағымдағы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыруға 526 жұмыс орны құрылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 265 адам жұмыссыз ретінде жіберілетін болады. Бүгінгі таңда 216 адам жіберілді, оның ішінде 40 жастар өкілі.