Ауданда мониторингтік топтар жұмыс істейді

27 мамыр күні мониторинг тобы Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Исатай Еспаганбетовтың басшылығымен Мәртөк ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айгүл Шарафутдиновамен, "Nur Otan" партиясы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Рашид Айткалиевпен, полиция бөлімі бастығының орынбасары Егор Саквинмен және учаскелік инспектор Мәртөк ауылындағы шағын және орта бизнес нысандарын аралады.Жұмыс тобы өз жұмысын қайта бастаған дүкендерде, сұлулық салондарында және қоғамдық тамақтану объектілерінде сақтық шаралары мен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізді.Айта кету керек, ауданда 4 мониторингтік топ құрылып, жұмыс істейді.