Ермек Кенжеханұлы көктемгі егіс жұмыстарымен айналысатын шаруа қожалықтарына барды

3 мамыр күні Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы Қарашай, Қызылжар және Байторысай ауылдық округтеріне барды. Аудан басшысының жұмыс сапары "Мечта", "Әлем", "Дина" шаруа қожалықтарына және "МТС АГРО ТЕХ АЛЕМ" ЖШС-не барудан басталды. Ағымдағы жылы Қарашай ауылдық округінің ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жоспарында 2 мың га астам жер алқаптарын егуді жүзеге асыру, сондай-ақ "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы техникасы мен мал басын сатып алу. Одан кейін, Ермек Кенжеханұлы Қызылжар ауылдық округінің "Қызылжар", "Даулен" және "Ұзақбай" шаруа қожалықтарына барды. Өткен жылы "Дәулен" шаруа қожалығы "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 58 млн тг 94 бас ІҚМ сатып алды, ал "Ұзақбай" ауыл шаруашылық кәсіпорнының фермерлері "Іскер" бағдарламасы бойынша 14,8 млн тг 37 бас ІҚМ сатып алды. Аудан басшысының жұмыс сапары Байторысай ауылдық округінде аяқталды, онда Ермек Кенжеханұлы "Ақжан", "Шынар" және "Дияр ата" шаруа қожалықтарында болды. Ағымдағы жылы "Шынар" шаруа қожалығы "Қарапайым заттар экономикасы"мемлекеттік бағдарламасы арқылы 18 млн тг ІҚМ басын сатып алуды жоспарланып отыр. Осы бағдарламаның көмегімен "Дияр ата" шаруа қожалығының фермерлері 23 млн тг бордақылау алаңын салуды жоспарланып отыр.