Ермек Кенжеханұлы аудандағы көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты

Бүгін, 2 мамыр күні, Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы жұмыс сапарымен Хазірет ауылдық округіне барды.Аудан басшысы "Березовка" және "Жездібай" шаруа қожалықтарының жер алқаптарын жыртудың ағымдағы жұмысымен танысты. Кейін Хазірет ауылындағы су мұнарасын аралап көрді.Одан әрі, ауданның бірінші басшысы Родников ауылдық округіне барып, "ТК Агро Инвест"ЖШС көктемгі – егіс жұмыстарының барысымен танысты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жоспарында 26 мың га алқапта ылғалдың жабылуы, оған "John Deer"маркалы 11 трактор жұмылдырылады. Сонымен қатар, 15 мың га бидай, 5 мың га сафлор, 6 мың га күнбағыс, 200 га жасымық, 300 га тары және 400 га судан шөбі егіледі. Родников ауылында Ермек Кенжеханұлы "Еңбек" шаруа қожалығының басшысымен кездесті. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы арқылы мал сатып алуды жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудан басшысы Калиновка ауылында балық өсірумен айналысатын шаруа қожалығының жұмысымен танысты.Жұмыс сапарының соңғы пункті Қаратоғай ауылдық округі болды. Аудан басшысы "Жаңа Тұрмыс" және "Бес қала" шаруа қожалықтарының мал шаруашылық базаларын аралап көрді. Ағымдағы жылы фермерлер асыл тұқымды мал сатып алып, алдағы уақытта мал басын көбейтуді жоспарланып отыр.