Облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин Мәртөк ауданына келді

28 сәуір күні облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин Мәртөк ауданына келді.Амангелді Бисенбайұлы жұмыс сапары Сарыжар ауылдық округіндегі «АманатАгро» шаруа қожалығын аралаудан басталды, онда шаруа қожалығының суармалы учаскелерімен, сондай-ақ аграрияның 10 га тамшылатып суару жоспарымен танысты.Одан кейін облыс әкімінің орынбасары «Ынтымақ», «Есбол» және «Алтай и К» шаруа қожалықтарында болып, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты және мал шаруашылығы базаларын, сондай - ақ Тәңірберген ауылдық округінің аумағындағы «Айс» және «Милкер» ЖШС-нің 747 га суармалы жерлерін аралап көрді.Аманғали Бердалин Құрмансай ауылдық округіндегі «Берекет», «Абат» және «Сұлтан» шаруа қожалықтарында болды. Ағымдағы жылы фермерлер асыл тұқымды мал сатып алып, бордақылау алаңдарын салды. Аманғали Бисенбайұлы фермерлерге сүт және ет өнімдерін аудан деңгейінде ғана емес, облыс базарларында өткізуді ұсынды.