Ауданда жол бойындағы сервис нысандарында санитарлық-гигиеналық шаралар күшейтіледі

26 сәуір күні Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Исатай Еспағанбетов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Шамиль Саринов, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айгүл Шарафутдинова, сондай-ақ "Nur Otan" партиясы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Рашид Айткалиев Мәртөк ауданының жол бойындағы сервисіне барды.Сапар барысында жұмыс тобы үй – жайларда дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуді қадағалады, сондай-ақ бизнес объектілерінде санитарлық-гигиеналық шаралардың күшейтілгенін хабарлады.Бұдан әрі, делегация Қарашай ауылдық округіне барып, шаруа қожалықтарындағы көктемгі – дала жұмыстарының барысымен танысты, сондай – ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылап отырды.