"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ғимаратында дезинфекция жүргізілді

17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының аудандық бөлімшесінің мамандары Мәртөк ауданы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ғимаратында арнайы сұйықтықтармен зарарсыздандыру және өңдеу жұмыстарын жүргізді.Естеріңізге сала кетейік, осындай дезинфекциялық жұмыстар барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар мен қоғамдық орындарда жүргізілетін болады. Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған төтенше жағдайға байланысты ұйымдастырылды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәртөк ауданында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шаралары күшейтілді.