Медициналық маскалардың тапшылығын жою жұмыстары жалғасуда

Аудан әкімінің орынбасары Исатай Еспағанбетов және құрылымдық бөлімшелер басшыларының жұмыс сапары Мәртөк ауылындағы дәріханалар мен тігін цехтарын аралаумен жалғасты.Делегация дәріханаларда бар дәрі-дәрмектердің болуын қарап шықты, сондай-ақ персоналдан қазір қажетті медициналық маскалардың саны мен әкеліну мерзімділігі туралы сұрады.Бұдан басқа, Исатай Бауыржанұлы медициналық маскаларды тігумен айналысатын ательеде болды. Аудан әкімінің орынбасары аудандағы медициналық маскалардың тапшылығын жою мақсатында кәсіпкерлерге өнімділікті арттыруды, сондай-ақ халыққа қолжетімді баға белгілеуді ұсынды.Қазіргі таңда тұрғындар "Шығыс" (телефон: +7 771 291 10 91) және "Гала" (телефон: +7 705 401 97 56) сауда үйлерінде мақта және дәке медициналық маскаларды 100-ден 150 теңгеге дейін бағамен сатып ала алады.