ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 24-25 қаңтарында Мәртөк ауданының басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.
Сонымен қатар, аталған іс-шараға аудандық маслихат хатшысы, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сот төрағасы, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысады.
Азаматтарды жеке қабылдау 2020 жылғы 24-25 қаңтар күні сағат 10.00-18.00 аралығында аудандық мәдениет Үйі ғимаратында өтеді.
Жеке қабылдауға жазылу 8/71331/ 21-9-14 байланыс телефоны, martukra@mail.ru электрондық поштасы және Мәртөк ауданы әкімдігінің Instagram, Vkontakte, Одноклассники, Facebook, Telegram әлеуметтік желілері арқылы жүргізіледі, сонымен қатар өздеріңізді толғандыратын сұрақтарды Мәртөк ауданы әкімдігі әлеуметтік желілерінің барлық аккаунтары арқылы қоюға болады.