Ақпарат

«Ақтөбе – адалдық алаңы» - жобасы аясында Мәртөк ауданы әкімдігінің 1-ші әкімшілік ғимараттың 1 қабатында және 2-ші әкімшілік ғимараттың 2 қабатында азаматтарды қабылдайтын мөлдір бөлмесі жұмыс жасап тұр. Бұл бөлмеде аудан әкімі, аудан әкімдігінің басқа да лауазымды тұлғалары және аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы азаматтарды қабылдайды және әр түрлі форматтағы жиналыстар өткізеді. Бөлме бейне бақылау камераларымен жабдықталған.
Бұл сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік билік институттарына деген азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған іс-шараладың бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы Қонысбай Орынғали фото сүретте қызмет көрсету мәселесі бойынша отырыс өткізіп жатыр.
Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Амимов азаматтарды қабылдауды жүргізуде.