Әнші балапан – 2019

15 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында ауданда өнерлі өрендердің талантын шыңдау, шығармашыл жас буынды елге таныстыруды, сонымен қатар жас дарындардың әнге деген махаббаты мен шығармашылығын дамытуды мақсат тұтқан «Әнші балапан - 2019» байқауы өтті.
Бақ сынаған бүлдіршіндерге әділ бағасын беріп, Мәдениет үйінің директоры - Диана Есенгалиева, Мәдениет үйінің мәдени жетекшісі - Самғат Артығарин, Қамбар Медетов атындағы балалар өнер мектебінің вокал класының мұғалімі - Ақылбек Төретаевтар қазылық етті. Олар үміткерлердің киім үлгісін, сахна мәдениеті, орындау мәнерін, әншілік шеберлігін бағалады. Ән жанды дауыста, минус, фонограмма қостауымен орындалмауы сынды талаптарымен бағалады. Сайысқа 3-13 жас аралығында үміткерлер қатысты. Үлкен топта 10-13 жас аралығы, орта топ 7-9 жас шамасында және де кіші топ 3-6 жас аралығындағы өнерлерін паш еткен өрендер болды. Әрбір үміткер 2 ән, яғни қазіргі таңдағы патриоттық және еркін тақырыптағы әндерді орындаған байқауды аудандық Мәдениет үйі ұжымы ұйымдастырды. Бұл кеште періште пейілді бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер қошеметіне бөленді.Жас өрендер өнер аспанына қалықтауды армандайтын «Әнші балапан» байқауының нәтижесінде 3-6 жас ерекшелігі бойнша 1-ші орынды «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушісі Бауыржан Жұмабеков, 2-ші орын «Таңшолпан» Зия Абилова, 3-ші орын «Шапағат» балабақшасынан Гүлсезім Сұлтанбай жеңіп алды.Ал орта топ бойынша 1-ші орынға Сарыжар орта мектебінен Ардақ Қабылжан, 2-ші орынға Хлебодар орта мектебінен Мәншүк Қалдықұлова, 3-ші орынға №3 Мәртөк орта мектебінен Инабат Шағбан мен Инаят Шағбан лайық деп танылды. 10-13 жас аралығындағы үлкен топта 1-ші орын Саржансай ауылынан Нұршат Мұратбаеваға, 2-ші орын Қаратоғай ауылынан Ақрауан Темірхановаға, 3-ші орын Жайсаң ауылынан Алина Уразоваға бұйырды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, байқауға қатысқан бір топ дарынды өнерпаздар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.