Өнер ошағының шәкірттері жүлделі оралды

31 наурыз күні Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Азия жұлдыздары» халықаралық ашық чемпионатына барды. «Домбыра және вокал» номинациясы бойынша қатысқан 8 оқушы жүлделі оралды. Олар: бас жүлде - Дана Раисова, бас жүлде - Шәмші Самғатұлы, мұғалімі: С.Артығалин, 1 орын - Нәби Ізбасаров, 3 орын - Назым Динасилова, мұғалімі: А.Туретаев, бас жүлде - Қанат Омар, 1 орын - Нұрсәуле Табанова , 2 орын - Ольга Малоиван және 2 орын - Құрманғазы Қорғанбек, жетекшісі : А.Бекбусинова.
Байқау қорытындысында лауреат дайындағандары үшін өнер ордасының мұғалімдері марапатталып, мектеп басшысы Жанар Ильясоваға Алғыс хат берілді. Мұнан басқа, аталмыш өнер ошағының шәкірттері 29 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Оқушылар сарайы» концерт залында өткен II-ші Халықаралық «INDIGO» өнер фестиваль-конкурсынан «прима қобыз» номинация бойынша Алина Хабирова - 2 орын, қобызшылар ансамбльі - 1 орын, жетекшісі - А.Дендербаева, Қарақат Есенжолова - 1орын, Жамал Тнашова - 2 орын, жетекшісі - Ж.Ильясова, ал, «фортепиана» номинация бойынша Айнара Сисенбай - 1орын, мұғалімі - М.Қаспақова, «вокал» номинациясынан Анна Ильященко - 1орын, мұғалімі - А.Мендибаева, сондай ақ «сурет салу» номинациясын Ислам Сапахов пен Сұлтанбек Есенжолов - 1орын иеленді, мұғалімі - А.Абдакиев. Мәдениетті дамыту мен ұлттық құндылықтарды сақтау, кәсіпқойлық және оқушылары байқауға белсенді түрде қатысқаны үшін Майра Каспакова, Жанар Ильясова, Айдана Дендербаева, Арайлым Меңдібаева және Адайбек Абдакиевтер Алғыс хаттармен марапатталды.