Кезектен тыс конференция

Аудандық филиал ғимаратында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХІХ – шы конференциясы өтті. Конференцияға аудандық мәслихат депутаттары , Саяси кеңес мүшелері, Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бастауыш партия ұйымдары бойынша сайланған 25 делегат және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Мәртөк аудандық филиалының кезектен тыс ХХIX-шы конференциясын «Нұр Отан» партиясы Мәртөк аудандық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары Б.М.Акзамов ашып және жүргізіп отырды. Конференция жұмысын жүргізу үшін Мандат комиссиясы (мандатную комиссию), Есеп комиссиясы (счетную комиссию), Конференцияның хатшылығы(секретариат конференции) сайланды. Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың берген тапсырмалары, бақуатты қоғам: Оңжылдықтың 10 мақсаты. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі делегаттары Акзамов Б.М., Райзих А.И., Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларын түсіндірді. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ: Бақуатты қоғам: Оңжылдықтың 10 мақсаты. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы туралы «Нұр Отан» партиясы Мәртөк аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Акзамов Бисенгалий Мухлисович шақырылған қонақтар мен делегаттарға баяндады. Ал күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша бастауыш партия ұйымдарынан облыстық конференцияға 5 делегат сайланды.