Ашық есік күні Қаратоғай ауылында

Мәртөк ауданында Мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту мақсатында Мәртөк ауданының әкімдігі Қаратоғай ауылында "Ашық есік күні" акциясын өткізді. Мәртөк ауданының әкімі Жандос Баирханов бастаған мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының, коммуналдық мекемелердің басшылары мен мамандары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 61 ге жуық ауыл тұрғыны өз сұрақтарымен келді. Жеке қабылдау барысында тұрғындардың көкейкесті ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді. Кейбір мәселелер дер кезінде оң шешімін тауып жатты. Аудан басшысы азаматтардың мәселелерін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.