Ашық есік күні Жайсаң ауылында

Мәртөк ауданында Мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту мақсатында Мәртөк ауданының әкімдігі Жайсаң ауылында "Ашық есік күні" акциясын өткізді. Мәртөк ауданының әкімі Жандос Баирханов бастаған мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының, коммуналдық мекемелердің басшылары мен мамандары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында тұрғындардың көкейкесті ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді. Кейбір мәселелер дер кезінде оң шешімін тауып жатты. Аудан басшысы азаматтардың мәселелерін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, Ақтөбе -Орынбор тас жолында орналасқан Жайсаң кеден бекетінде болды. Аудан басшысы жұмыс сапары барысында кеден бекетінің маңына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, автотұрақ ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.