Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен бос орындар жәрмеңкесі өтті

27-ші наурыз күні «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімінің және аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Негізгі мақсат – мемлекеттік органдармен ұсынылатын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы халықты ақпараттандыру, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алуда консультативтік-әдістемелік көмек көрсету, жұмыссыздарды әлеуметтік және тұрақты жұмыс орындарына қатысуға шақыру.
Жәрмеңкеге 30-дан астам аудан тұрғындары қатысып, көрсетілетін қызметтер бойынша кеңестер алды. Сондай ақ, аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен жеке секторлардан бос жұмыс орындары ұсынылды.