Мен сіздерді жаксы көрем адамдар

Ақпанның 22 күні психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен «Мен сіздерді жаксы көрем адамдар» атты қайырымдылық концерт өтті. Концертте өнерге жаны жақын Нұрсұлтан әдемі, әуезді және адмның бойындағы ата-анаға, бауырларға, махаббатқа, жалпы адамзатқа ой салар керемет әндерін орындап көрермен қошеметіне ие болды.
Кеш барысында түзету орталығының бірқатар балалары да өз үлестерін қосып, өз өнерлерін көрсетті. Жиналған қаражат Астана қаласына ота жасатуға жол жүргелі отырған Нұрсұлтан Имашевқа көмек ретінде табысталды. Қайырымдылық шарасы соңында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Ашимов өзінің жылы лебізін білдіріп,дертіне шипа іздеген балғын Нұрсұлтанның ниетіне үміт жалғар ақ тілектер айтып, аудан әкімі Баирханов Жандос Бақытбекұлының атынан алғыс хат табыстады.- Психологиялық-педагогикалық түзету орталығына айтар алғысымыз шексіз. Сол орталыққа барғалы бері баламның өнері шыңдалып, көңілі көтеріліп, болашаққа деген үміті де артуда. бүгін осы концертке келіп, үлестерін қосып, тілеулес жұртшылыққа ризамыз. бар арманым Нұрсұлтаным жазылып кетсе деймін, - дейді анасы Гүлзифан.