Әуесқойлар футбол лигасы

Мәртөк әуесқойлар футбол лигасы биыл алғашқы рет ұйымдастырылған болатын. 17 қарашада басталып, 24 ақпанда аяқталған болатын. Лига 2 айналым, 14 турдан тұрды. Жалпы 7 команда қатысты. Олар: Достар, Спартак Виктория, Аудан әкімшілігі, Жайсаң Әлия, Мәртөк Жас, Сұңқар, Рай-Газ.
Ойын қорытндысы бойынша 1-ші орынды Достар, 2-ші орынды Спартак Виктория, 3-ші орынды Аудан әкімшілігі құрамасы иемденді. Лиганың ұйымдастырушылары Асылбек Нагымов, Мирас Бегалин және Шахнияз Сақабаев. Сайыста Аманжол Абдрахманов (Достар), Асхат Конгереев (Спартак Виктория), Шахнияз Сақабаев (Аудан әкімшілігі), Асмир Закенов (Жайсаң Әлия), Саят Максутов (Мәртөк Жас), Тимур Жиенбаев (Сұңқар), Руслан Жумагалиевтер (Рай-Газ) үздік ойыншылар атанды. Ал, Бекболат Сәрсенбаев (Аудан әкімшілігі), Жанболат Барқын (Достар) үздік қақпашы атағын иеленді. Үздік ардагер ойыншы: Амангелді Табанов (Аудан әкімшілігі) болса, үздік жас ойыншы атағын Әлімжан Туралиев (Жайсаң Әлия) жеңіп алды. Бомбардир: Оразбек Отегенов (Достар).Лигаға қорытындыда үздік команда Достар 100 гол, 34 ұпай. Құрғақ ойын: Спартак Виктория (Виктория 7-0 Алия), ІІІ тур, ірі есеп (крупный счет), Достар (Достар 18-3 Сұңқар). Ал, үздік ойын: Рай-Газ - Сұңқар 10-9 (ХІ тур). Дубль: 79, хет-трик: 25, покер: 9, пинта-трик: 2, гекса-трик: 2, окта-трик: 1. «Үздік гол» Шахнияз Сақабаев (Аудан әкімшілігі), «Үздік нәтижелі ойыншы» Мирас Бегалин (Dostar), «Үздік капитан» Тимур Жиенбаев (Сұңқар).