«Nur Otan» партиясына 20 жыл!

1-наурыз «Партия күніне» орай партияның Мәртөк аудандық филиалында партия қатарына қабылдау рәсімі өтті.
Партияның Мәртөк аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.М.Акзамов партия қатарына жаңадан қабылданған партиялықтарды, атап айтқанда Мәртөк ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы К.С.Мынжановты, АОФ ТОО «Казахавтодор» директоры И.В.Иваницкийді, жеке кәсіпкер Б.М.Муканованы партияның жаңғыру аясында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып, партиялық билеттері мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.