ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ақпан айының 7-9 күндері Мәртөк ауданында ДЗЮДО күресінен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына, Мәртөк БЖСМ 50 жылдығына және "Жастар жылына" арналған 2005-2007, 2008-2009 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан және облыстың барлық аудандарынан 500ге жуық жас дзюдошылар қатысты. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған облыстық ашық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан мақтау қағаздары және медальдарымен марапатталды. Жарысты өткізуге қолдау көрсеткен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, облыстық дзюдо күресі федерациясына және аудан басшылығына АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!