Мәртөк ауданы әкімінің есебі

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданын дамыту үшін барлық резервтерді пайдалануды тапсырды. "Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын" дамыту қажет. Мәртөк ауданы ауылшаруашылығы өнімдерімен тек ауданды ғана емес сонымен қатар Ақтөбе қаласын толық қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Бұл үшін егістік және суармалы жерлерді кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылуы тиіс. Аудан экономикасы үшін "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автомагистралінің жол бойындағы сервисті дамыту маңызды", - деді Бердібек Сапарбаев.Сонымен қатар, облыс әкімі аудан басшылығына кәсіпкерлікті дамытуға, соның ішінде "Zhas Project" жастардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыру бойынша конкурс аясында ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Есеп беру кездесу барысында Мәртөк ауданының тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салды. Мәртөктіктер облыс әкіміне тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, бала бақшалар мен тротуарлар салу, көшелерді абаттандыру туралы өтініш білдірді. Аудан дамуының оң өзгерістерін атап өткендер де болды және атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша барлық айтылған сұрақтар мен ұсыныстар бақылауға алынды.Сондай-ақ есептік кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Асхат Қайнарбеков қатысты.