ЖАСТАР ЖЫЛЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін Мәртөк ауданында Елбасы ұсынған «2019 жыл – Жастар жылы» бастау алды. Шараға облыс әкімі САПАРБАЕВ БЕРДІБЕК МӘШБЕКҰЛЫ қатысты. Шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын сипаттайтын қойылыммен бастау алды. Шарада сөз сөйлеген ауданымыздың мақтаныштары, әр саланың үздік жастары: Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін деп еңбек ететін уақыт келгенін айтып, белсенділікке шақырды. Жастар жылының ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі САПАРБАЕВ БЕРДІБЕК МӘШБЕКҰЛЫ жастарды құттықтап, жасалып жатқан жұмыстардың барлығы болашағымыз сіздер үшін және әр саладағы жастар өздеріне берілген мүмкіндіктерді толық пайдаланса біздің болашағымыз жақсы болады – деп айтып өтті. Сонымен қатар шарада «Zhasproject» жобасы иегерлерінің және өзге де кәсіпкерлердің көрмелері қойылды.