Мәдениет үйінің ашылу салтанаты

Бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінде ауылдық Мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалдары И. Каленов пен У. Иманғалиевпен Мәдениет үйінің лентасын қиды. Мәдениет үйінің меңгерушісі Г. Ә. Тәжібайға музыкалық аппаратураға сертификат табыстады. Ашылу салтанатында ауыл ақсақалы Ө. Сейталин ақ тілегін білдіріп, бата берді.