АПТАЛЫҚ ЖИНАЛЫС

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Исатай Еспағанбетовтың төрағалығымен апталық жиналыс өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының 2018 жыл қорытындысы бойынша орындалуы, 2019 жылға жоспар және 2019 жылға мемлекеттік сатып алуды жоспарлау туралы; Ауылшаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың 2018 жыл қорытындысы бойынша орындалуы және 2019 жылға жоспар; «Туған жерге тағзым», «Ауыл қамқоршысы» жобаларының 2018 жыл қорытындысы бойынша орындалуы және 2019 жылға жоспар; Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы. Жиналыс соңында тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.