Ақтөбе облысында коммуналды монополистердің қызметі тексерілуде

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген коммуналды қызметтердің тариф құруларына қатысты тапсырмасын орындау сұрақтарына байланысты жиын өткізді.
Жиын кезінде коммуналды кәсіпорын басшыларының тариф құру және жекеменшік инвестициялық бағдарламаларды орындау мәселелерінің ағымдағы жағдайы туралы баяндамалары тыңдалды. Қазіргі таңда прокуратура мен монополияға қарсы қызмет органдары монополистердің коммуналды саладағы қызметтерінің заңдылығын тексерудің кешенді шараларын жүргізіп жатыр. Облыс бойынша табиғи монополиялардың 47 субъектісі тіркелген,-деп мәлімдеді табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Гүлнұр Масина.
Облыс әкімі аумақтық және жергілікті органдар басшылығының, табиғи монополиялар субъектілерінің назарын ел Президенті тапсырмасының мүлтіксіз орындалуына аударды.
«Прокуратура тексерісі аяқталған соң біз коммуналды қызмет тарифтерінің құрылуы бойынша сұрақтарды қарау үшін қайта жиналатын боламыз. Прокуратура органдары мен монополияға қарсы мекемелер инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылуына, қаражаттың тиімді жұмсалуы мен монополистердің материалдық-техникалық базаны нығайтуларына да қатаң назар аударуларын сұраймын»,-деді қадағалау органдарының назарын аударған Бердібек Сапарбаев.
Бұдан басқа, жиын барысында облыс әкімі коммуналды кәсіпорын басшыларының естеріне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең аз еңбекақыны көтеру керектігін салды. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі «1 қаңтардан бастап ең аз жалақы 42 мың теңгені құрайтын болады. Жекеменшік түріне қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар Елбасы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етулері тиіс. Сол үшін биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін есептерді жасап, жұмысшылардың еңбекақыларын көтеру көздерін анықтауларыңыз қажет. Келесі жылға бекітілген ең төмен еңбекақы мөлшерін алатын бірде бір адамның айлығы көтерілмей қалмасын», -деп атап өтті облыс әкімі.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі