ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ

Бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқарады. Бүгін Мәртөк ауданының барлық ауылдық округтерінде "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең- кезеңімен көшіру жөніндегі іс- шаралар жоспарына" сәйкес жалпыхалықтық диктант өтті. Диктант жұртшылықтың қазақ тілі ережелерінің Жобасын латынша негізде қабылдауын талдауға бағытталған. Диктантқа барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері, дәрігерлер, ұстаздар, оқушылар, студенттер қатысты.