ЛАТЫН ӘЛІПБИІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Бүгін аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Әліпби - ұлт болашағының негізі" атты интелектуалдық сайыс өтті. Сайыс барысында қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті. Латын әліпбиі туралы сұрақтар қойылып, латын графикасымен жазу сынды тапсырмалар орындады. Сайысқа 3 команда қатысты. Сайыс жеңімпаздарын жастар ресурстық орталығының басшысы Жазира Байзакова құттықтап, мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыстады.