«Jas barys» форумы: Қазақстан жастары ел дамуына белсендірек қатысуға шақырылды

2 қараша, жұма күні Ақтөбеде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Жастар жылын 2019 жылы өткізуге арналған тұңғыш облыстық «Jas barys» жастар форумы өтті.
Шараға Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, ауыл жастары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, оқушылар, жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, мәдениет және спорт салаларының мамандары қатысты. Барлығы 1200-ден аса адам.
Форумның мақсаты - жастарға Президент Жолдауының міндеттерін түсіндіру, патриотизмді, гуманистік және рухани тұрғыда дамуын қалыптастыру, жас ұрпақтың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету. Форум қатысушылардың әрқайсысы үшін өздерін естіртетін және өзі үшін пайдалы инсайт алатын алаңға айналды. Жастармен кездесуге Эмин Әскеров пен Альбина Сәлімбаева сынды бизнес-тренерлер келді. Олардың Шығармашылық академиясында табысқа жету тақырыбында өткен семинар-тренингтері жастарды өсуге ынталандырды.
Форумның негізгі бөлігі Өнер орталығында өтіп, оның холында ғылым, білім, спорт, мәдениет, жаңа технологиялар салаларындағы жетістіктердің көрмесіне ұласты, сонымен қатар, ақтөбелік дизайнерлердің сән көрсетілімі болды. Үлкен залда жастардың түрлі санаттағы беделді спикерлері өздерінің жастар саясатын жүзеге асырудағы жетістіктері мен проблемалары жайында айтып беріп, өзекті сұрақтарды шешудегі ұсыныстарын айтты.
«Қазхром»ТҰК» АО-ның жас маманы Нұрлан Қожаев мемлекет басшысының Жастар жылы деп жариялау туралы бастамасынан шабыт алғанын айтады. «Бұл әрқайсысымыз үшін өз ұсыныстарымызды алға жылжытуға, жобаларды жүзеге асыруға, жұмыс істейтін жастарды қолдаудың жаңа идеяларын мәлімдеуге үлкен мүмкіндік. Бүгінде бізде тиімді жұмыс істеу үшін барлық жағдай бар. Кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастар еліміздің басқа да тұрғындары секілді мемлекеттің сенімді қолдауын сезінетініне сенімдімін. Жекеменшік бизнес пен облыс басшылығын бізді қолдауға шақырғым келеді, жастар саясатын дамытыңыздар, жастар ел болашағы емес пе?!»,- деп атап өтті Н.Қожаев.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде әрбір елдің болашағы жастарға байланысты екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы жастар – кез келген елдің алтын қоры, ол үшін ең жақсы жағдайларды жасау керек екенін айтады. Президент саясатының арқасында бәріңіздің де өсіп, Тәуелсіз Қазақстанмен бірге дамуға тамаша мүмкіндіктеріңіз бар. Біздің елімізде «Болашақ» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатыр, соның арқасында мыңдаған бала әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктері бар, «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары жұмыс жасайды. Президенттің тапсырмасымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Ақтөбе облысы оны өткізу үшін ең тиімді шараларды қабылдайтыны сөзсіз және келесі жыл Бала жылының жақсы жалғасы болады. Оны біз өңірде жуырда ғана қорытындылаған болатынбыз»,-деді ол.
Облыс әкімі форум қатысушыларын ерінбеуге, жақсы оқып, елін гүлдендіру үшін барынша күш салуға шақырды. «Біз осындай белсенді әрі бастамашыл жастармен дамыған отыз елдің қатарына ене аламыз. Бүгін көптеген идеялар мен ұсыныстар айтылды. Біз оларды талдап, қолдаймыз»,- деп қосты Бердібек Сапарбаев.
Шара түрлі қызмет саласында жетістіктерге жеткен жас ақтөбеліктерді мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапаттау рәсімімен аяқталды. Форум соңында Қазақстан жастарына арналған жолдау қабылданды. Ақтөбеліктер жастарды кәсіпқой әрі Отанының патриоты болуға, мемлекеттік қолдау шараларын сапалы білім мен қол жетімді баспана алуға, жарқын болашаққа сенуге, мемлекетті дамытып, Қазақстанның отыз дамыған елдер қатарына енуіне бар күшін салу үшін пайдалануға шақырды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі