Салымшылардың саны 10 млн адамнан асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активі 8,9 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан есептегенде өсім 17,9%-ды құрап, 1,4 трлн теңге кіріс кірді.Б ЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы 9 айда салымшылардың саны 10 млн адамнан асып, 338 мың шот ашылды.«Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 623,6 млрд теңгені құрады», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.БЖЗҚ зейнетақы активінің инвестициялық табысының мөлшері қаржы нарығындағы ахуалға және зейнет ақы активі есебінен сатып алынған қаржы құралдарының бағасына тәуелді. Сәйкесінше БЖЗҚ-ны сенімгерлікпен басқаратын Ұлттық банк тұрақты табыс деңгейін қамтамасыз ету үшін әртараптандырылғ ан инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады«Қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына тиесілі. Олардың үлесі - 46,83%. 2018 жылдың 9 айында оның құны 578,09 млрд теңгеге артты. Екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары. Олардың портфельдегі үлесі - 13,79%. Ал қазіргі құны - 1 226, 36 млрд теңге. Инвестициялаудың тағы бір бағыты - Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары. Олардың портфельдегі үлесі - 7,99%, ал құны 710,82 млрд теңге», – деп жазды баспасөз қызметі.БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 6,9%-ды, оның ішінде теңгеде номинирленген қаржы құралдары бойынша жылына 8,2%-ды, ал шетел валютасында жылына 3,9%-ды құрайды.БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (69,06%), АҚШ долларында (30,52%) және Ресей рублінде (0,34%) номинирленген.Айта кетейік, БЖЗҚ соңғы 9 айда 130,9 млрд теңге зейнетақы төлемін жасады. Оның ішінде ай сайын төленетін ең төменгі төлем 15 273, ал ең жоғары төлем 337 059 теңге болды.