Мемлекеттік кепілдеме: Зейнетке шыққанда берілетін бір жолғы төлем жайлы не білеміз

Таяуда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнеткерлерге инфляцияға байланысты өтемақы беріледі деген хабарлама тараған. Кейін бұл жағдайға Азаматтарға арналған үкімет өкілдері түсінік берген еді. Осыған байланысты, Tтілшісі зейнетке шыққанда республикалық бюджет қаражаты есебінен жасалатын біржолғы төлемді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерінен анықтап беруді сұрады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті мамандарының айтуынша, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ecкepe отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.Мемлекеттік кепілдеме дегеніміз не? Мемлекеттік кепілдеме — ол инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.