Өңірдің жағырапиясы, табиғи ресурстары мен тарихы

МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
Мәртөк ауданы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстік батысында Қобда ауданымен, оңтүстік шығысында Алға ауданымен және Ақтөбе қаласы маңындағы елді мекендермен, солтүстік шығысында Қарғалы ауданымен шекаралас. Ауданның көлемі 660532 га немесе 6605,3 ш.км.
Мәртөк ауданы 1935 жылғы ақпанда құрылды. Мәртөк стансасы оның орталығы болып белгіленді. Ауданның қашықтығы солтүстіктен оңтүстігіне дейін 110 шақырым, шығысынан батысына дейін 147 шақырым.
2012 жылдың 1 қантарының мәлімете бойынша ауданда 30 ұлттан құралған 29592 адам тұрады.
Табиғи ресурстары
Мәртөк ауданы далалы және құрғақ далалы аймақта орналасқан. Аудан территориясы топырақ жамылғысының түріне қарай екі зонаға бөлінеді: қаратопырақты және қоңыр-каштан.
Аудан территориясындағы басты су обьектілеріне Елек өзеніне кіреді, ал қалған Ақсу, Жамансу, Танаберген, Бөрте, Шайда кіші өзендерге жатады. Елек өзені Қарғалы және Жарық өзендерінен ағып келіп қосылуынан Жайық өзеніне құяды. 74 км аудан шамасындағы оның жалпы ұзындығы 623 км. Елек өзені – ауданның негізгі су тамыры болып табылады.
Мәртөкке жақын Қазан, Шайда аумағында жер асты суларының артезиандық бассейіндері бар.Ол жерде тұщы судың мол қоры бар.
Мәртөк» табиғи қорығы Ақтөбе облысының солтүстігінен Жайық, Бөрте және Қиялы Бөрте өзенінің сол жақ сағасынан орын тепкен, өлке Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймағында.
Жалпы көлемі 50 000 га.
Негізгі орманды алқабы түрлі талдардан тұрады:көктерек, қаратерек, қара қандыағаш т.б. Шевченко ауылынан оңтүстікке қарай қарағайлы орман бастау алады. Ол қолдан отырғызылған бұтақты және түгі сиретілген қарағай. Шевченко селосының шетінде қайыңды қандыағашты итмұрын ормандары бар. Бөріжидекті және көпшөпті орманды алқапта үшінші дәуірден қалған көненің көзі - аналық таға папоротнигі өседі. Шабындықтағы өсімдіктер дәнді-дақылдардың мезофильді, әртүрлі шөп пен жусанды түрлерінен құрайды.
Орман қорын қорғау және өсіру мақсатында осындай жерлерге “Тірі табиғат ескерткіші ” мәртебесі берілген. 1996 ж. Мәртөк аудандық әкімінің “Мәртөк ауданындағы табиғатты қорғау территориялары” және оларға “Тірі табиғат ескерткіштері мәртебесін беру” туралы шешімі берілді. Бұл шешім 26.12.1995 жылғы №130 Ақтөбе облыстық әкімінің сәйкес шешімінің негізінде алынған “Тірі табиғат ескерткіштері” мәртебесін беру туралы шешімдер ҚР Үкіметінің 01.12.1998 ж. №1213 қаулысымен бекітілген. Ауданымызда осындай мәртебеге ие болған табиғат ескерткіштері:
1. Шевченко селосындағы реликс орман. Бұл жерде тек осы бір жерде (облыста) өскен шаңжапырақтар (папоротник), кочедыжник женский (аналық таға) бар. Ауданы 7 га, біреуі 4 га, екіншісі 3 га. Екіншісінде қайың-көктерек шоғырлары өскен, ҚР Қызыл кітабына енгізілген шпажник черепитчатый өсімдігі, биіктігі 60-80 см, ұзындығы 100-120 см болатын құмырсқа илеуі бар.
Мәртебесі: өсімдік- жануарлар әлемін қорғау;
2. Қызылжар селолық округіндегі шалғындық жер.
3. Жаңатаң қыстағындағы қандыағаш шоғырлары.
Мұнда аз кездесетін, жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің 61 түрі кездеседі. Мысалы: земляника лесная (орман бүлдіргені), астра алтайская (алтай қошқаргүлі), погремка джунгарского марьянника (таушымылдық). Бұл территориялардың барлығының да өз төлқұжаттары бар; бұл жерлерде жер жыртуға, ағаштарды кесуге тиым салынған; бұл территориялар- Мәртөк орман шаруашылығына қарайды.
Ауданымыздың орман шаруашылығының аумағында үш жабдықталған бұлақ бар:
Шевченко, Коминтерн және Полтавка жерінде. Оны күтумен орманшылар айналысады. Мәртөк ауданының солтүстік жағында бұғылар мен маралдың бірнеше үйірі мекендейді.
Мәртөк ауданының Белқайың орман шаруашылығында ерекше қорғауға алынған аумағы - 9,8 га болатын үш аймақ бар.
Полтавка - 9,8 га қара қандыағаш, аққайың
Шевченко – 3,9 қарағай өседі
Аққайың - 3,5 га қарағай және аққайың өседі.
Аудандағы жануарлар табиғат зоналарының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Барлық жерде тұрақты кездесетін жануарлар: ласка (аққалақ), хорь (бұлғын, сасық күзең деп те аталады), борсық, түлкі, қарсақ, қасқыр. Елек өзені жағаларында кездесетін европейскоя норка (европалық құндыз), ленная куница (орман сусары) Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабына” енгізілген, қорғауға алынған. Сонымен бірге аудан жерінде бобры (су құндызы), рыси (сілеусін), сурки (суырлар, байпақ деп те аталады) кездеседі. Ор қоян, саршұнақ, балпақ, зорман, атжалман немесе аламан (хомяк) барлық жерде кездеседі. Орманды жерлерде косуля (елік), косуля (қарақұйрық), ресейден келген лось (бұлан) кездеседі, олардың саны аз, аулауға тиым салынған.
Құстардың түрлері аудан көлемінде көптеп саналады. облыста мекендейтін 200 түрлі құстың ауданымызда 160 түрі кездеседі, қалғандары маусымдық көшіп-қону кезеңінде кездеседі. Құстардың 27 түрі қыстап қалады, 70 түрлі құс ауланады; 35 түрлі құс санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ауданымызды мекендейтін құстай түрлері әртүрлі жағдайларға бейімделген: далада, шалғындар мен егістік жерлерде, бау-бақша, тұрғын үй аулаларында мекендейтін құстардан торғай тәрізділер, көкқарға тәрізділер, сұрқарлығаштардан, торғай, жауторғай, ала қарға, қарақарға, шауқарға, ұзаққарға, сауысқан, құзғын,қараторғай, қарлығаш, бәбісек (урод), ашық жерлер мен су маңын, суды мекендейтін құстардан қаздар, үйректер, шіл (куропатка); “Қызыл кітапқа ” енгізілген.
Жоса мұнайы - Орск оқымыстысы Д.И.Менделеев Жосадан жеткізілген мұнайды зерттеп, жоғары баға берді. 1915ж. ағайынды Нобельдер шетелдіктердің бірі болып зерттеу жүргізді, ойлары іске асады. Жер билігі Кеңес мемлекетінің қолына көшеді. 1919ж. В.И.Ленин Жоса мұнайын пайдалану туралы әдейі жеделхат жөнелтті. Онда Түркістан Орталық аткоміне және I әскери төңкеріс кеңесіне: Темір ауданының Мәртөк, Жоса жерінде зерттеу ұңғыларын жүргізу өте жауаптылықты және жылдамдықты талап ететінін, бұл Ақтөбе облыстық төңкерістің бұйрығы екенін ескертті. 1929-1930жж. Шұбарқұдықтан мұнай көзі ашылып, 1939ж. өндірістік өндіру басталды. Ұлы Отан соғысы Жосадағы зерттеу жұмысына кедергі жасады. Жақсымай а. екінші ұңғы ашылып, 1941ж. пайдаланылуға берілді. 1947ж. зерттеу 3000 метрлік тереңдікте жалғасты, бірақ қоры аз болғандықтан 11 ұңғы жабылды. Өте тереңдікте жатқан Мәртөк мұнайы қорын зерттейтін техника болмады.
Шоқаш» титан өндіру кен орны Шаңды селосына жақын маңында, Құрмансай селолық округінде табылған титан кені (пайдалы қоспалар цирконий) шет елдерге экспортқа шығарылады. Тауар кені қопсыту арқылы алынған ұсақ-жұқа құмдақ материал және саз т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР: Мәртөк ғылыми тарихи-анықтамалық. Принта , 2009 жыл
Ақтөбе облысының тарихи мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері Мәртөк ауданы. Ақтөбе -2006 жыл.
«100 жылдық мерейтой» кітабы, ав. Е.Ониськова, Мәртөк ,2005 ж .
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Ономастика» кітабы-2013жыл.
Мәртөк ауданының тарихы
Қазақстан Республикасының далалық зонасында Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан Мәртөк ауданының территориясы түрлі дәуірдегі көріністерге археолеогиялық есерткіштердің өзгешелігімен ерекшеленді. Археологиялық ескерткіштердің таралу және тығыз орналасуына табиғи-географиялық жағдай маңызды рөл атқарады. Осы жағынан алып қарағанда Мәртөк ауданынының территориясы адамдар коллективінің өмір сүруіне қолайлы болды, тармақталған гидрожүйе, жайылымды жерлердің мол қоры ауданның археологиялық ескерткіштерінің көп болуына өз әсерін тигізді. Батыс Қазақстан даласы, соның ішінде Мәртөк ауданы үшін де тарихи дәуір ерте темір ғасыры деп аталатын хронологиялық кезеңмен байланысты болды. Осы уақыттан б.з.д. I мыңжылдықтың алғашқы ғасырларынан бастап б.з. I мыңжылдығының ортасына дейін скиф-сақ тайпаларының көшпелі одақтарының үстемдігі орнады. Мәртөк ауданы үшін М.К.Қадырбаев және Ж.К.Құрманқұлов зерттелген Елек маңының ескерткіштері Сынтас және Бесоба обаларының маңызы зор. Кейін аудан территориясында С.Ю.Гуцалов жұмыс істеді, ол Целинный-I сияқты ірі зиратын қазып, жаңа обьектілерді барлау және паспорттау жұмыстарымен айналысты.
1984 жылдан бастап Ақтөбе облысы ескертіштеріне алғашында облыстық мұражайдың археологиялық тобын басқарған, кейін Ақтөбе педагогикалық институты негізінде экспедиция құрған С.Ю.Гуцалов жұмыс істеді. Ірі бейіттерде жоспарлы қазба жұмыстарын жүргізген бұл экспедиция тарихи-өлкетану мұражайының қорының мұраларын бірнеше есе көбеюіне үлес қосты. Осы аталған экспедицияның басты бағдары Елек өзенінің қос жағасын және Мәртөк ауданының территориясын жоспарлы зерттеу болды. Зерттелген барлық ескерткіштер паспортталып,ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясымен есепке алынды.
(Ақтөбе облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері Мәртөк ауданы. кітабы, Ақтөбе-2006 жыл.)
17 ғасырда дәлірек айтсақ, 1693-1748 жылдары Кіші жүзге Әбілқайыр билік жүргізді. Хан ордасы Мәртөк жерінен оңтүстікке қарай ,ал жаз жайлауы аудан аумағында орналасқандығы ғылыми тұрғыда дәлелденген.Өйткені,халықтың одан бергі тарихы Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей азаматығын алуға байланысты болса,одан кейінгі онжылдықтарда шаруалардың Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аударуымен сипатталады.
1896 жылы Жер ісі министрлігі мен Ақтөбе уезінің мемлекеттік меншікті бақылау бөлімдерінің ұсыныстарымен орыс тұрғындарына жер бөлінді. Бұл кезде біздің ауданымыздың аймағында екі қазақ болыстары орналасқан. Бөрлі және Қаратоғай болысы. Бөрлі болысы 1884 жылы, Қаратоғай болысы 1890 жылдары пайда болып, бес жыл өткен 1895 жылы Қаратоғай және Елек болыстары екіге бөлінеді.
1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы басталды. 1904 жылы теміржолдың Мәртөктен Ақбұлаққа дейінгі бөлігі салынды. Қоныс аударушылар 1904-1905 жылдары келе бастады. 1905 жылы вокзал салынып Мәртөк темір жол станциясы ретінде дами бастады. Мұрағат материалдары кентте бірінші үй 1907 жылы салынғандығын дәлелдейді. 1911-1913 жылдары 30 үй есепке алынды, 1916 жылы алғашқы диірмен құрылысы қолға алынды.
Мәртөк ауданына бірінші келген көшкіншілері 1907-1912 жылдары 15-12 десятинаға орналасты, кейін жерлері 12-7 десятинаға дейін төмендеді. 1909-1912 жылдары көшіп-қону саясатына сәйкес біздің ауданымызда төмендегідей болыстар бөлініп шықты: Андреевка болысы, Бөрлі болысы, Вознесеновка болысы, Елек болысы, Қаратоғай болысы, Нагорный болысы, Петропавловка болысы, Полтавка болысы, Родниковка болысы, Степановка болысы. (100 жылдық мерейтой кітабы, ав. Е.Ониськова, Мәртөк, 2005 ж.)
Мәртөк (Мортық) таза қазақ тілі ұғымын білдіреді. «Мортық» сөзі осы жерге ХVІІІ-ХІХ ғасырларда көшіп келген ата-бабаларымыздың жер, өзендерге, шөпке берген атын білдіреді.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Украина мен Ресейдің Полтава, Херсон, Воронеж, Курск,Орлов облыстарынан бос жерлерге жайлы өмір іздеп келген қоныстанушылар орналаса бастағаны және патша шенеуніктері мен кулактарға кіріптар болғаны аудан тарихынан белгілі.
1917 жылғы төңкеріс мәртөктіктер өмірін өзгертті. Бұған дейін продкомиссар болған А.Я.Попов болыстық атқару комитетінің бірінші төрағасы болды. Жергілікті тұрғындарды тонап отырған ақ гвардия бандаларының шабуылдары ауыл зәресін ұшырды. Жаулар Мәртөк ауылын ғана емес, жақын маңдағы елді мекендерге де шабуыл тоқтатпады.
1918 жылдың тамызында Жайсаң темір жол станциясындағы барлық көшелер атты патрульмен күзетілді. Ауылды қорғауға жаяу әскерлер мадьярлар қатысты. Жайсаңдағы жеңіс елеулі тарихи оқиға болды. Вознесеновка ауылы маңындағы ұрыс полк операциясы сәтті ұрыстардың бірі болды. Азамат соғысы жылдарында Қаратоғай, Линовицкое, Андреевка, Веренка, Байторысай ауылдары жаулармен жанкешті айқастардың орны болды. 1919 жылы Ақтөбе майданы жойылды. Ауданның аумағында кеңестер билігі орнады. Еңбекші шаруалар қалың бұқарасының арасында алғашқы партия ұялары өз жұмыстарын жандандырды. Вознесеновка ауылында өткен жабық жиналыста артель ұйымдастыру, оны «Муравьи» деп атау туралы шешім қабылданды. Артель өмірінде жаңашылдық, игілік көп болды. Құрылыс жүргізілді, асхана, ұсталық слесарьлық шеберхана және т.б. обьектілер салынды. Сұсты соғысты қуаң жаз алмастырды, 1921 жылы күзінде артель тарап кетті. Осы артельдің негізінде «Степь» коммунасы құрылды. Е.А. Саенко төраға болып сайланды. 1923 жылы екі коммуна қосылды. Егістікте «Фордзон» тракторы пайда болды.
1930 жылы ұжымдастыру ұжымдық толқыны есіп өтті. «Победа», «Свет», «Төңкеріс» және т.б. ұжымшарлар ұжымдық шаруашылықтардың қатарына қосылды.
1929-1932 жылдары жаппай ұжымдық шаруашылыққа кіру басталды. Алғашқы жылдары атпен, өгізбен өңдеді, кейіннен тракторла алынды.
1932 жылы облыста бірінші болып Мәртөк және Жайсаң МТС ұйымдастырылды. Кейінен Ново-Федеров, Андреевкада болды.
1934 жылы 23 желтоқсанда ВКП (б) Орталық Комитеті Пленумының 1934 жылғы 25-28 қарашадағы «Аудандарды ірілендіру жолымен аудан басшыларын өндіріске жақындату туралы» нұсқауының негізінде және ОАК «Орынбор облысын құру туралы» 1934 жылғы 7 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Мәртөк ауданы құрылды. Осы жыл соңында Ақбұлақ ауданынан бөлінді.
Соғыс қарсаңындағы жылдар қауырт еңбек кезеңі болды. Мәртөктіктер ұжымшарларды құруды аянбай еңбек етті. Ауыл шаруашылығының қызметкерлері жыл өткен сайын еңбек жетістіктерінен көрінді. 1939-1940 жылдардың қорытындысы бойынша Құрмет кітабына ауданның жет шаруашылығы енді. Олар: «Буденный», «Красный скотовод», «Красный угол», «Путь революции», «Свет», «Сталин», «Шевченко» ұжымшалары.
Ұлы Отан соғысы (1941-1945) материалдық және адам ресустарына бөліп әкетті. Мәртөк жерінен 3 мыңнан астам майданға аттанды. Тракторшылардың орнын тракторшы қыз келіншектер басты. Аудан, біздің көпұлтты республикамыз, Бүкіл Кеңес Одағы «Бір сағат тыным жоқ, балық уақытта және балық жерде жауды жеңу үшін күш жұмсалсын!» ұранымен өмір сүрді. Мәртөктік жауынгерлер ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Кеңес Одағының батырлары - ұшқыш Батурин Александр Герасимович, Кожемякин Михаил Степанович, Мазков Евдоким Константинович, артиллерист Губин Константин Яковлевич, батыл барлаушы Озмитель Федор Федорович.
50 жылдары шаруашылықтарда абаттандыру, тұрмысты жақсарту мәселелерін шешу жан-жақты мүмкін болмады. 1955 жылдың аяғында тың мен тыңайған жерлерді игерудің белгіленген 25 мың гектарлық жоспары ауданда 5 гектарға асыра орындалды.
1980 жылдың екінші жартысы аудан үшін түбегейлі қайта құру кезеңі болды. Тоқсаныншы жылдары бұрынғы одақтық республикалардың егемендіктерін жариялаумен және тәуелсіздік алуымен сипатталады.
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Ономастика» кітабының екінші бөлімінде Ақтөбе облысы бойынша тәуелсіздік жылдары өзгерген әкімшілік–аумақтық бірліктерді жариялады. Мәртөк ауданы бойынша өзгерген атаулар: Яйсан-Жайсаң, Новомихаиловка-Байнасай, Казанка- Қазан, Нагорное-Саржансай, Андреевка-Қызылжар, Студенческая-Бөрте, Чайда-Щаңды, Коминтерн-Аққайың, Целинное-Көкпекті, Рыбаковка-Жаңажол, Калиновка-Ақбұлақ, Черемушка-Торайғыр, Новодонцы-Егізата, Ефремовка-Қарағансай, Линовицк-Қиялы, Хозауыл-Қозы, Березовка-Жездібай, Степь-Қарабұлақ, Степановка-Құрмансай, Новофедеровка-Ақмоласай, Березовский-Хазірет, Нагорный-Тәңірберген, Новомихаиловка-Байнасай, Первомайский-Аққұдық, Степановский-Құрмансай.