"Жасыл экономикаға" Қазақстан Республикасының көшуі бойынша шараларды іске асыруы жөніндегі мемлекеттік орган қызметі туралы ақпарат

"Желэнерго" ЖШС инвестициялық жобасы бойынша
ақпарат
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында "Желэнерго" ЖШС жел энергетикалық қондырғы салу жобасын жүзеге асыру үшін Тәңірберген ауылдық округінде 0,4 га жер телімі алаңы берілді, онда желдің орташа жылдамдығы мен қарқындылығы, қажетті параметрлері электр энергиясын генерациялауға сәйкес келеді.
Жоба жетекшісі – Хван Александр Викторович. Кәсіпорын 2012 жылы тіркеліп, 2015 жылдан жобаны іске асыруда.
Жобаның мақсаты - өндіріс жаңартылатын энергия түрлендіру арқылы жел энергиясын электр энергиясына айналдыру. Жоба "жасыл" экономика мен баламалы энергия көздерін дамыту мен іске асырылуына ықпал етеді.
Негізгі құрал-жабдықтары – Германияда өндірілген «AN/BONUS 450/37» көлденең осьті үш қалақшалы жел-энергетикалық қондырғысы. Номиналды қуаты – 450 кВт/сағ. Болжамды жұмыс қуаты орташа желдің жылдамдығымен – 250 кВт/сағ, жылына шамамен 2 150 000 кВт электр қуаты өндіру жоспарлануда.
Инвестициялық салымдардың жоспарланған жалпы құны шамамен 120 млн. теңге. Қаржыландыру көзі – кәсіпорынның өз қаражаты. Пайдалану кезінде 10 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жобаланған объектіні іске қосу мерзімі –2018 жылдың қарашасы.
Бүгінгі күні жұмыс жобасы әзірленді, жел энергетикалық қондырғының астына іргетасты монтаждау жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың сәуір айында геодезистердің қатысуымен бұрын белгіленген іргетасты тексеру өткізілді, жіктің монтаждауға жарамдылығы туралы радиографическое тексеру жүргізіліп жіктің негізгі жабдықтарына оң қорытынды алынды. "Энергосистема" ЖШС электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар жаңартылды.
Энергетика Министрінің 24.02.2017 ж. № 68 бұйрығымен жоба жаңартылатын энергия көздерін пайдалану енгізілген объектілері тізіміне қосылды.
Осы кезеңде жинақталған меншікті қаржылыларына мынадай жұмыс түрлерін жүргізу үшін қажетті:
- жел генераторын және электр жабдықтарын монтаждау
- іске қосу, баптау жұмыстарын және жергілікті кадрларды оқытуды жүргізу
Жұмыстардың осы түрлерін орындау үшін инжинирингтік «Виста» ЖШС компаниясымен келісім жасау үшін Алматы қаласында келіссөздер жүргізілуде. Жұмыстар қыркүйек- қазан айының соңында басталады.
- Кеңсахара ауылына дейін ұзындығы 5,5 км Электр желісінің қосалқы құрылысы. 2018 жылдың қазан-қараша айларында салу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мәртөк ауданы әкімдігі және инвестор арасында жобасын іске асыру кезінде өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.