ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде кедесулер өту жалғасуда. Аудан басшысы Жандос Баирханов бүгін Сарыжар ауылының тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі Елбасымыздың кезекті жолдауы халықтың жағдайы әл-ауқатын жақсарту үшін екенін атап өтті. Сол мақсатта мұғалімдердің, дәрігерлердің, тәртіп сақшыларының жалақыларын көтеріп, әр саланың мамандарына тұрғын үйге қол жеткізуге ықпал жасап отырғандығын көрсетіп, сонымен қатар сапалы білімге көңіл бөлінетіндігін айтып өтті. Биылғы жолдауда бұқаралық спортқа көңіл бөлініп, жаппай спортты дамыту жолға қойылады. Осы орайда ауданымызда үлкен спорт кешенінің салынып, спортпен айналысу үшін барлық ауылдарды спорттық құралдармен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізілетін болады. Кездесу барысында ауыл тұрғындары су, жер, балабақша мәселелеріне байланысты сұрақтар қойды.