ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Президентінің биылғы «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен т­ұрмыс сапасын арттыру»­ атты жолдауын халыққа түсіндіру және на­сихаттау мақсатында Саржансай ауылында ­кездесу өтті. Аудандық маслихат хатшысы ­Адилбек Альмухамбетов елбасымыздың жолда­уында айтылған ұстаздардың мәртебесін ар­ттыру, ауылшаруашылық саласын дамыту мен­ халықтың тұрмысын жақсарту бойынша атқа­рылатын жұмыстар туралы баяндады. Кезде­суге сонымен қатар Тəңірберген ауылдық о­кругінің депутаты Макуза Турлыгулова, ау­дандық ветеринария бөлімінің басшысы Мак­сутЖұмағалиев­, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарл­амалар бөлімінің басшысы Рауза Жабагиева қатысты. ­Ж­ұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама­лар бөлімінің басшысы Рауза Жабагиева­ ­медициналық сақтандыру, міндетті әлеумет­тік төлемдер және мемлекеттік бағдарлама­лар жайлы түсіндіріп өтті. Кездесу соңын­да ауыл тұрғындары жолдауға байланысты ө­з ойларын білдіріп, сұрақтарын қойып, жа­уап алды.