ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Президентінің халыққа жолдауы қоғамның барлық саласына экономика, саясат, мәдениет, білім, денсаулық, халықаралық қатынастарға, қатысты маңызды құжат. Елбасының биылғы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауын аудан әкімі Жандос Баирханов Қаратоғай ауылдық округінің тұрғындарына түсіндіріп, талқылау жасады. Аталған жиынға облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі Ирина Цыба, аудан әкімінің қоғамдық кеңесшісі Амантай Смағұлов, аудандық маслихат хатшысы Адилбек Альмухамбетов, Қаратоғай ауылдық округі депутаты Макуза Турлыгулова мен құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпкерлер, саяси партия өкілдері, тұрғындар мен жастар қатысты. Жолдаудың бағыт бағдары айқын, оны іске асыру үшін аудан әкімі бірқатар мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Сондай-ақ алдағы атқарылар игі шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар аудан басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ауыл үшін маңызды мәселелердің шешімін айтты. Ауылдағы амбулаторияға жөндеу жұмыстары, оқушылардың ауылдың арғы жағынан мектепке қатынау сұрақтары қарастырылды. Ауыл көшелеріне жарықтандыру жүргізіліп, жолдарға жөндеу жұмыстары жасалатынын атап өтті. Ауыл тұрғындары жер мәселесі бойынша да сұрақтарды көтерді. Аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, шешуді тапсырды.