Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 8 қазан күні Мəртөк ауданының әкімі Ж.Баирхановтың төрағалығымен Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" атты Жолдауын талқылау бойынша аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, «Нұр Отан» партиясы Мәртөк аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат төрағасы, қоғамдық кеңестің төрағасы, мекеме басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер, " Мəртөк тынысы" газетінің тілшісімен кездесуі өтті.