Аудан әкімінің төрағалығымен өткен комиссия отырысы

Ағымдағы жылдың 4 қазанында аудан басшысы Жандос Бақытбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведмоствааралық комиссия отырысы және аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аймақтық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:- Көшеде, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар. Қоғамдық тәртіпті қорғау үшін азаматтардың өз еркімен қатысуы. Кез-келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» атты ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру.- Жастар арасында қылмыстың алдын-алу, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.-Мәртөк ауданы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында 2018 жылдың 9 айында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.-Аудандық кәсіпкерлік бөлімінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары және ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының орындалуы туралы. Жиналыс соңында аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.