Әлеуметтік маңызды жобаларға бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану, оның ішінде оларды игеру туралы ақпарат

Бюджеттiң атқарылуы туралы, соның iшiнде әлеуметтiк маңызы бар жобаларына бөлiнген бюджет қаражатын пайдалану туралы ақпарат
2018 жылғы 1 қазан жағдай бойынша Мәртөк ауданның нақтыланған бюджетi 6 515 500 мың теңгенi құрайды.
Ағымдағы күнге аудан бюджетiнiң шығыстар бойынша атқарылуы бекiтiлген жоспар бойынша 5021776,8 мың теңге құрады, 5006243 мың теңге немесе 99,7 %, соның iшiнде республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер жоспар бойынша 813 361,3 мың теңге, 813359,9 мың теңге сомасында немесе 100 % игерiлдi.
«Бiлiм» саласы бойынша нақтыланған жылдық бюджетi 3 090 982 мың теңге құрайды, оның iшiнде бағдарламалар бойынша:
· 464 001 «Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 10 643 мың теңге
· 464 003 «Жалпы бiлiм беру» — 2 300 363 мың теңге;
· 464 004 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру» - 28 648 мың теңге;
· 464 005 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алу және жеткiзу» — 78 500 мың теңге;
· 464 006 «Балаларға қосымша бiлiм беру» — 134 126 мың теңге;
· 464 007 «Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу» - 224 мың теңге;
· 464 009 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметiн қамтамасыз ету» — 112 343 мың теңге;
· 464 015 «Жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтiп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемi» — 17 533 мың теңге;
· 464 023 «Әдістемелік жұмыс» - 14972 мың теңге;
· 464 024 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» - 17 419 мың теңге;
· 464 030 «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап бағу» — 10 811 мың теңге;
· 464 040 «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын iске асыруға» — 135 572 мың теңге.
· 464 041 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» - 1 143 мың теңге;
· 464 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 207 881 мың теңге;
· 464 113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» - 20804 мың теңге.
2018 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша есептi кезеңге жоспар бойынша 2330111,5 мың теңге, игерiлдi 2 330 017,1 мың теңге, немесе 100 %.
«Әлеуметтiк қорғау» саласы бойынша нақтыланған жылдық бюджетi 334 572,5 мың теңге құрайды, оның iшiнде бағдарламалар бойынша:
· 451 001 «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 17 423 мың теңге;
· 451 002 «Жұмыспен қамту бағдарламасы» — 126 313,5 мың теңге;
· 451 004 «Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға» - 10 733 мың теңге;
· 451 005 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек» — 50 061 мың теңге;
· 451 007 «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек» — 62 736 мың теңге;
· 451 010 «Үйден тәрбиеленiп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» — 284 мың теңге;
· 451 011 «Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу» - 430 мың теңге;
· 451 014 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» — 7 330 мың теңге;
· 451 017 «Мүгедектердi оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен және ымдау тiлi мамандарының қызмет көрсетуiн, жеке көмекшiлермен қамтамасыз ету» — 20 807 мың теңге;
· 451 021 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 229 мың теңге;
· 451 023 «Жұмыспен қамту орталықтарының қызметiн қамтамасыз ету» — 26 982 мың теңге;
· 451 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар» — 1 274 мың теңге.
· 451 054 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» - 9 970 мың теңге.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептi кезеңге жоспар бойынша 239 530 мың теңге, игерiлдi 239 514,6 мың теңге, немесе 100 %.
«Мәдениет» саласы бойынша нақтыланған жылдық бюджетi 188 477 мың теңге құрайды, оның iшiнде бағдарламалар бойынша:
· 455 001 «Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» -10 142 мың теңге;
· 455 003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» — 114 595 мың теңге;
· 455 006 «Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi» — 32 645 мың теңге;
· 455 007 «Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамытуға» — 223 мың теңге;
· 455 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң және ұйымдарының күрделi шығыстары» — 30 872 мың теңге.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептi кезеңге жоспар бойынша 147 809 мың теңге, игерiлуi 147 798,5 мың теңге, немесе 100 %.
«Спорт» саласы бойынша нақтыланған жылдық бюджетi 69 806 мың теңге құрайды, оның iшiнде бағдарламалар бойынша:
· 465 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 5 908 мың теңге;
· 465 005 «Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту» - 2 833 мың теңге;
· 465 006 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу» — 742 мың теңге;
· 465 007 «Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы» — 2 874 мың теңге;
· 465.017 «Балалар мен жасөспiрiмдерге спорт бойынша қосымша бiлiм беру» — 57 449 мың теңге;
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептi кезеңге жоспар бойынша 52 404 мың теңге, игерiлдi 52 376,1 мың теңге, немесе 99,9 %.