"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Мәртөк ауданы бойынша 2018 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 6 өтінім мақұлданып, іске асырылды:
- 65 млн. теңге кепілдіктің жалпы сомасына және 190 млн. теңге несиенің жалпы сомасына несиені кепілдендіру бойынша 4 өтінім. Берілген қолдау түрін «Мәртөк сүт» ЖШС қайта өңдеу кәсіпорны және «Айс» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорны алды;
- өтеусіз мемлекеттік гранттарды табыстау бойынша 3,5 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба (сүтті ешкі өсіру, ұлттық киім тігу).