Өңірдің инвестициялық мүмкіншіліктері

Мәртөк ауданында жоқ бизнес түрлері
Бизнес атауы
Өндіріс
1
Бор өндіру (әрі қарай құрылыс материалдарын өндірісімен)
2
Саз балшық өндіру (әрі қарай құрылыс материалдарын өндірісімен)
3
Қабырғалық материалдар өндірісі/пеноблок, шлакоблок, газоблок, кірпіш /
4
Шатыр материалдарының өндірісі
5
Цемент өндірісі
6
Арнаулы жұмыс киім өндірісі
7
Кеспе тас (брусчатка) өндірісі
8
Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі
9
Ыдыс өндірісі (пластик, шыны)
Тамақ өнеркәсібі
10
Макарон өнімдерінің өндірісі
11
Сусындар өндірісі
12
Тандыр-нан өндірісі
Ауыл шаруашылығы
13
Құс фермасы
14
Ет өңдеу
15
Тазартылмаған күнбағыс майын өндіру үшін тұқым өсіру
16
Жүнді қайта өңдеу
17
Өндірістік масштабта көкөніс өсіру
18
Өндірістік масштабта бақша дақылдарын өсіру
19
Өндірістік масштабта картоп өсіру
20
Өндірістік масштабта құлпынай, таңқурай өсіру
Туризм және спорт
21
Ұйымдастырылған ауылдық туризм (қонақ үйлер, маршруттар, саяхаттар және т.б.)
22
Фитнес-клубы
Медицина
23
Стоматологиялық кабинет
24
Жеке клиника
Білім беру
25
Репетиторлық сабақтар
26
Пәндерді тереңдетіп үйрету мектебі
Қызмет көрсету
27
Химиялық тазалау
28
Клинингтік қызмет көрсету
29
Полиграфия (соның ішінде кең форматта басып шығару)
Инвесторлардың назарына
«Мартук СеверПром» /бұрынғы «КСХТ» аумағы /
өнеркәсіптік аймағын игеру бойынша
ұсыныстар
Мәртөк ауданы Ақтөбе облысының инвестициялар үшін ең тартымды аудандардың қатарына жатады.
Мәртөк ауылы облыс орталығынан 72 шақырым және Ресей Федерациясының шекарасынан 27 шақырым қашықтықта орналасқан, Мәртөк ауданының орталығы болып табылады. Ауыл аумағы 443 га құрайды, халық саны – 9911 адам, соның ішінде экономикалық белсенді халық – 4295 адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 1235 адам, жұмыссыздар саны – 447 адам.
Көлік, өндірістік инфрақұрылым және байланыс
Мәртөк ауданы орталығының бойынан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомагистралі және Орта Азияны Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігімен байланыстыратын магистральді темір жол желісі өтеді.
Мәртөк ауылының телекоммуникациялық мүмкіндіктері заманауи цифрлық телефон байланысымен және түрлі ұялы және спутниктік байланыс операторларымен ұсынылған.
Барлық өндірістік инфрақұрылым түрлері бар – аудан орталығы электр қуаты және газбен қамтылған, орталықтандырылған су жүйесі және жаңа қуат көздерін қосуға барлық мүмкіндіктер бар.
Аудан Мәртөк ауылының «Мартук СеверПром» /бұрынғы «КСХТ» аумағы /өнеркәсіптік аймағында инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі. Мұнда аукцион арқылы сатуға болатын, жалпы ауданы 10,6 га құрайтын бес бос жер учаскелері бар. Жер учаскелеріне теміржол тұйғын қосқанда, барлық инфрақұрылым түрлерін тартуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, «Мартук Север Пром» аумағында бірқатар бос тұрған нысандар бар. Олардың негізінде ауданда жоқ өндіріс түрлерін ашуға болады.
Әлеуетті инвесторлар үшін түрлі бағыттар мен салаларда жобалар ұсынылады:
1. Қаптама, қасбеттік кірпіш өндірісі;
2. Қабырғалық материалдар / пеноблок, шлакоблок, газоблок / өндірісі;
3. Құрғақ құрылыс қоспалар өндірісі;
4. Су эмульсия бояу өндірісі;
5. Ағаштан жасалған материалдар / шатыр тіреуіш, тақтай / өндірісі;
6. Пластиктен жасалған бұйымдар /терезе, есік/ өндірісі;
7. Трикотаж киім-кешек өндіретін цех ашу;
8. Стенд, баннер, жалюзи өндіретін цех ашу;
9. Ауыл шаруашылық техникасын жөндейтін цех ашу;
10.Тері және қой жүнін қайта өңдейтін цех ашу;
11.Ірі жем және жем-шөп сату базарын ашу.
Сондай-ақ, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және халыққа қызмет көрсету салаларының басқа жобалары басым болып табылады.
Инвесторлар мен мүдделі тұлғалардың барлық ұсыныстары мұқият қаралатын болады, өз тарапынан аудан әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайын.
Анықтамалық ақпарат
1.Мәртөк аудандық кәсіпкерлік бөлімі
Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36, тел.: 8/71331/21400,
2. Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36, тел.: 8/71331/21844,
3. Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі
Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36, тел.: 8/71331/21156,
4. Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36, тел.: 8/71331/21366,
e-mail: arh.mar@mail.ru